Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасының іске асыру барысы туралы ақпарат (2018 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша)

Статистика комитетінің алдын ала ақпараты бойынша  2018 жылғы қаңтар-тамыз айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 701,6  млрд. теңге инвестиция жұмсалды немесе 2017 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 131,2% құрайды. 

Жалпы алаңы 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 111,8% құрайды. Меншіктің жеке нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар есепті кезең ішінде жалпы алаңы 6,9  млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосты.

Республика бойынша 67 055 бірлік тұрғын үй, оның ішінде 26 665 жеке тұрғын үй  пайдалануға берілді.

Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу

2018 жылы сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 26,9 млрд. теңге сомасына қаражат бөлінген.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес осы есеп кезенінде әкімдіктерге 19,1 млрд.теңге аударылды, ЖАО алдын ала ақпараты бойынша 17,9 млрд.теңге игерілді немесе 94%.

Жылдың жоспары 184,5 мың ш.м., (3 470 пәтер). 2018 жылғы қаңтар-тамыз айында жалпы алаңы 49,7 мың шаршы метр  тұрғын үй (922 пәтер) пайдалануға берілді немесе жылдық жоспардың 27%-ды құрайды.

ЖАО облигация шығару арқылы кредиттік тұрғын үй салу

Кредиттік тұрғын үй құрылысына  қаржыландыру механизм арқылы қаржы  операторы «Байтерек девелопмент» АҚ болып табылады.

2018 жылы жалпы алаңы 560,8 мың ш.м. немесе 9 428 пәтерлі 141 кредиттік тұрғын үй салу жобасын іске асыру көзделіп отыр.

 Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде жалпы алаңы 104,0 мың шаршы метр 1 857 пәтер салынды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 2018 жылы республикалық бюджеттен 49,0 млрд. теңге бөлінді.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайына ЖАО-ға 24,3 млрд. теңге аударылды, оның 22,3 млрд.теңге немесе 92% игерілді.

 

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services