Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

2512/18
В два раза уменьшилось количество технологических нарушений на коммунальных системах

Коммуналдық жүйедегі технологиялық ақаулар екі есеге азайды

2018-2019 жылдардағы жылыту маусымы Қазақстан Республикасының барлық өңірінде тұрақты режимде өтіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, министрлік 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының барысына, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су тарту желілерінде болған технологиялық ақауларға мониторинг жүргізеді.

«Жылыту маусымы басталғаннан бері коммуналдық жүйелерде 24 технологиялық ақау тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе кем (45), оның ішінде: дербес қазандықтарда - 4, жылумен жабдықтау желілерінде – 6; сумен жабдықтау және су тарту желілерінде – 14. Әкімдіктер аталған технологиялық ақауларды қысқа мерзімде қалпына келтірді», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Талдау көрсеткендей, технологиялық ақаулардың көбі сумен жабдықтау және су тарту желілерінде тіркелген. Олардың саны 14.

Осыған байланысты, министр өңірдегі әкімдіктер халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне бақылауды күшейтулері керектігін айтты және технологиялық ақауларды жылдам қалпына келтіріп, жылыту маусымына жауапты адамдардың кезекшілігін мереке күндері де ұйымдастыру қажет деді.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек әкімдіктердің дебиторлық берешекті азайту жұмыстарын бақылауды күшейтулері керектігін ұсынды.

«Өткен жылдың осындай кезеңінде тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 13 млрд. 132 млн. теңгені құраған болатын.

2018 жылдың 1-ші желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл берешек 12 млрд. 995 млн. теңге болады. Яғни, 137 млн. теңгеге азайған. Ең көп дебиторлық берешек Шымкент, Астана, Алматы қалаларында және Маңғыстау, Қарағанды облыстарында сақталып отыр», - деді министр.

 

Фото мұрағаттан алынды

 

 

 


© 2019

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services