Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасының іске асыру барысы туралы ақпарат (2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша)

Статистика комитетінің жедел ақпараты бойынша 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 1 162,0  млрд. теңге инвестиция жұмсалды немесе 2017 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 108,1% құрайды. 

Жалпы алаңы 12,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 112,1% құрайды. Меншіктің жеке нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар есепті кезең ішінде жалпы алаңы 10,7  млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосты.

Республика бойынша 113 740 бірлік тұрғын үй, оның ішінде 39 157 жеке тұрғын үй  пайдалануға берілді.

Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу

2018 жылы сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 30,6 млрд. теңге сомасына қаражат бөлінген.

ЖАО алдын ала ақпараты бойынша 30,5 млрд.теңге игерілді немесе 99,7%.

Жылдың жоспары 184,5 мың ш.м., (3 482 пәтер). 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айында жалпы алаңы 194,7 мың шаршы метр  тұрғын үй (3 678 пәтер) пайдалануға берілді немесе жылдық жоспардың 106%-ды құрады.

ЖАО облигация шығару арқылы кредиттік тұрғын үй салу

Кредиттік тұрғын үй құрылысына  қаржыландыру механизм арқылы қаржы  операторы «Байтерек девелопмент» АҚ болып табылады.

2018 жылдың жоспары 560,8 мың ш.м. (9 793 пәтер) тұрғын үй салу.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында жалпы алаңы 581,0 мың шаршы метр 10 466 пәтер салынды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 2018 жылы республикалық бюджеттен 42,1 млрд. теңге бөлінді.

ЖАО алдын ала ақпараты бойынша оның 100% игерілді.

 

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services