Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

№ 70-сұрақ

№ 70-сұрақ:

Құрылыс барысында мердігер мекемесімен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада (бұдан әрі – ЖСҚ) қарастырылмаған жұмыстар орындалуда. Алайда, бекітілген ЖСҚ-да (құрылыс құнының сметалық есебі) 2% мөлшерінде тапсырысшы резерві қарастырылған.

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, келесі сұрақтар бойынша түсінік беруіңізді сұраймын:

- болжанбаған жұмыстарға қаражаттарды төлеу бекітілген нысаны деген не?

- қосымша жұмыстарға смета жасау қажет пе және оны кім жасау қажет (ЖСҚ-да қарастырылмаған)?

- қосымша жұмыстарға смета тапсырысшымен бекітіледі ме (ЖСҚ-да қарастырылмаған)?

- болжанбаған жұмыстар құрамына қандай жұмыстар кіреді? (қарастырылмаған жұмыстар, қажетті жұмыстар және т.б.)

- қандай уақыт аралығында (қажет жағдайында) резервті қаражаттарды төлеу қажет?

 

ЖАУАП:

Комитет Төрағасының 14.11.2017ж. №249-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжаттың 72-тармағына сәйкес, Мердігерлік жұмыстар үшін болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат құрылыс құны сметалық есебінің 1÷9-тараулары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнынан 2% мөлшерінде анықталады. Қаражат құрылыс құны сметалық есебінің 4,7-тараулары бойынша көрсетіледі.

Белгілінген қатаң шарттық бағамен шарттар бойынша орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу кезінде орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріндегі болжанбаған жұмыстар мен шығындарға арналған қаражат мәні ашылмайды және оны тапсырыс беруші белгіленген норма бойынша төлейді.

Болжанбаған  жұмыстар мен шығындарға тапсырыс берушінің қаражат резервін пайдалану (қаражат резерві) тек бекітілген жобада көзделген ғимараттар мен құрылыстарды салуға ғана пайдалануға болады.

Болжанбаған  жұмыстар мен шығындарға тапсырыс берушінің қаражаты резерві жобаның бекітілген сметалық құны шегінде құрылыс үшін қосымша шығындардың орнын толтыру үшін мына жағдайларда:

– бекітілген жобамен салыстырғанда құрылыс барысында және жұмыс құжатамасын әзірлеу процесінде бекітілген тәртіппен көлемдік-жоспарлау, конструктивті, технологиялық шешімдердің өзгерту/нақтылау есебінен құрылыс объектісі бойынша жұмыстар мен шығындардың сметалық құнының өсуі;

– жұмыстар мен шығындардың көлемі мен құнының өсуі, олардың көлемі, сипаты және орындау әдістері жобалау барысында нақты анықталмайды және құрылыс процесінде нақтыланады;

– құрылыс процесінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада (сараптамадан өткен) және жұмыс сызбаларында қателіктер табылған және/немесе сметалық құжаттамада ескерілмеген жұмыстар мен шығындар анықталған жағдайда;

- жеке сметалық нормаларды, технологиялық карталар мен техникалық-нормалау карталарын әзірлеу қажеттілігі кезінде, егер бұл мақсаттарға арналған қаражаттар инвестициялық жобаны жоспарлаудың және жүзеге асырудың  алдыңғы кезеңдерінде жоспарланбаған болса;

– жобалау жұмыстар нормаларында көзделмеген/ескерілмеген жобалық жұмыстардың қосымша қызметтерін төлеу қажеттілігі кезінде, егер бұл мақсаттарға арналған қаражаттар инвестициялық жобаны жоспарлаудың және жүзеге асырудың алдыңғы кезеңдерінде жоспарланбаған болса қолданылады.

Болжанбаған жұмыстар мен шығындарға тапсырыс берушінің қаражат резерві жобаны бекіткен органның/ұйымның осы резервтен қаражатты пайдалану қажеттігінің әрбір жағдайы үшін жеке ресімделетін ресми рұқсатынан кейін пайдаланылады. Бұл ретте жобаны бекіткен орган/ұйымның қарауына мына құжаттар жасалып ұсынылады:

Бастамашы тараптың (Тапсырыс берушінің, Жобалаушының немесе Мердігердің) резервтен қаражатты пайдалану қажеттігін сипаттап, сұрау салған соманы көрсетіп, жобаны бекітуші органға жасаған өтініші;

резервтен қаражатты пайдалану қажеттігі негізделген және сұралатын сома көрсетілген түсініктеме хат;

бекітілген жобамен салыстырғанда өзгерістер/нақтылаулар енгізілетін жұмыс құжаттаманың тараулары мен топтамасы; 

жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген жобалау ұйым жасақтайтын қосымша жұмыстар мен шығындар сметалары;

жеке сметалық нормаларды, технологиялық карталар  немесе техникалық-нормалау карталарын әзірлеу қажет болған жағдайда, олардың жеке сметалық нормаларын әзірлеу құнының есептері;

әрбір нақты жағдай үшін қажет (тапсырыс беруші резевінен қаражатты пайдалануды талап ететін жағдайларға байланысты) болжанбаған жұмыстар мен шығындарға тапсырыс беруші резервінен сұралатын соманы пайдалануға рұқсат беру туралы жобаны бекіткен орган/ұйым бұйрық/өкім/шешім шығарылатын өзге де құжаттар.

Болжанбаған  жұмыстар мен шығындарға тапсырыс берушінің қаражаты резервінің пайдаланылмаған бөлігі тиісті бюджетке қайтарылуға жатады.

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services