Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

№ 71-сұрақ

№ 71-сұрақ:

«Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі» 8.02-02-2002 ҚР ҚН-ның 4.3.17 тармағына сәйкес тікелей шығындардың және үстеме шығындардың сомасына (мердігер мекемесімен қолданылатын кадрларды дайындау, ғылыми-зерттеу жұмыстары, өндірісті дамыту, құрылыс барысында пайда болатын қосымша шығындарға) 6% мөлшерінде нормаланбайтын және жоспарланбаған шығындар есептеледі.

Осы ретте, базисті-индексті әдіспен есептелген және қазіргі кезде жүзеге асырылатын жобалар бар екендігін еске алатын болсақ, 8.02-02-2002 ҚР ҚН 4.3.17 тармағын анық еместігі пен түсінбеушілік пайда болады.

Осыған байланысты, келесі сұрақтарға негізделген және дәлелді түсінік беруіңізді сұраймыз:

1. Объектіні салу кезінде пайда болатын және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген жұмыстардың қосымша түрлері мен көлемдері «құрылыс барысында пайда болатын қосымша шығындарға» немесе «болжанбаған шығындарға» жата ма?

2. Сұраққа теріс жауап жағдайында құрылыс барысында пайда болатын және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмген қосымша жұмыстар түрлері мен көлемдері жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге жататын «құрылыстың сметалық құнын ұлғайтатын қосымша жұмыстар» бола ма?

3. Тапсырысшы және/немесе Жобалаушы құрылыс барысында пайда болатын және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмген қосымша жұмыстарды орындауға 6% мөлшерінде нормаланбайтын және жоспарланбаған шығындар есебінен орындауға нұсқаулар беруге құқылы ма?

 

ЖАУАП:

«Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі» 8.02-02-2002 ҚР ҚН-ның 4.3.17 тармағына сәйкес тікелей шығындардың және үстеме шығындардың сомасына (мердігер мекемесімен қолданылатын кадрларды дайындау, ғылыми-зерттеу жұмыстары, өндірісті дамыту, құрылыс барысында пайда болатын қосымша шығындарға) 6% мөлшерінде нормаланбайтын және жоспарланбаған шығындар есептеледі.

Болжанбаған жұмыстар мен шығындар – орындау сипаты мен әдістері жобалау кезінде, сондай-ақ, бекітілген (сараптамадан өткен) жобалау-сметалық құжаттамасындағы қателерді құрылыс процесінде табу және жұмыс сызбаларында және/немесе сметалық құжаттамада есепке алынбаған шығындарды анықтау кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдері мен құнын құрылыс процесінде нақтылаумен байланысты шығындарды өтеуге арналған қаражат сомасы.

Келісім-шарт шеңберінде тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) реттеледі.

Сонымен қатар, Кодекстің 654-бапы 4-тармағына сәйкес, құрылыс жүргiзу барысында жобалау-сметалық құжаттамада есептелiнбеген жұмыстарды және осыған байланысты қосымша жұмыстар жүргiзу мен құрылыстың сметалық құнын өсiру қажеттiгiн анықтаған мердiгер тапсырысшыға ол туралы хабарлауға мiндеттi.

Мердiгер өз хабарламасына тапсырысшыдан он күн iшiнде жауап алмаған жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта бұл үшiн өзгеше мерзiм көзделмесе, бос тұрыстан келтiрiлген залалдарды тапсырысшының есебiне жатқыза отырып, тиiстi жұмысты тоқтата алады.

Жоғарыда аталған Кодекстің 655-бапы 6-тармағына сәйкес, егер мердiгерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемiнде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларының 16-тармағына сәйкес, егер белгіленген объектінің құрылысы басталғанға дейін немесе оның барысында оған техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықтарды, негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, объектінің конструктивті схемасына, оның көлем-жоспарлық, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне едәуір өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі туындаса, бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен түзетілуге жатады.

Түзету мақсаттылығы жөнінде шешім қабылдау тапсырысшы құзыретіне жатады.

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services