Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

№ 73-сұрақ

№ 73-сұрақ:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларының 15-тармағына сәйкес, құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге арналған жиынтық смета, «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына сәйкес, объектілерді салуға арналған бюджеттік инвестициялық жоба технико-экономикалық негіздеме және/немесе бюджеттік инвестициялық жоба жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында, кейінгі бекітумен салалық (өндірістік мақсаттағы объектілер үшін) және/немесе және кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өтуге жатады.

Аталған Қағида БИЖ жобаларына қолданылады (мемлекеттік бюжет қаражаттары есебінен),  квазимемлекет секторының қарыз және меншікті қаражат есебінен объекті құрылыс құнын айқындау тетігі қарастырылмаған. Сонымен қатар, осы кезде мұнай өңдейтін және мұнай химиялық өндіріс объектілерін бойынша салалық заңнамалық нормалар шеңберінде реттелетін шығындарды айқындау бойынша қолданыстағы нормативтер жоқ.

Баяндалғандарға байланысты, «Мемсарапма» РМК құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге арналған шығындарды нормативке сәйкестігін бағалау, ал Тапсырысшы – аталған шығындарды бекіте алмайды.

Қағиданың 14-тармағы бойынша шығындарды реттейтін БИЖ-ға жатпайтын квазимемлекеттік сектор субъектілері есебінен объекті құрылыс құнын айқындау үшін нормативтік құқықтық актілерді қайта қарауды және сәйкес өзгертулерді енгізуді сұраймыз.

 

ЖАУАП:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы  20 қарашадағы № 707 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саладағы, бюжетті жоспарлау және т.б. заңнамаларына сәйкес жасақталды.

Қағиданың 13-тармақшасы 14-тармағына сәйкес, салалық заңнамалық нормалар шеңберінде реттелетін бюджеттік инвестициялық жобалар шығындар құрамына жабдықты кешенді байқап көрумен іске қосу-жөндеу жұмыстарына, іске қосу-жөндеу жұмыстары үшін шикізатқа және материалдық ресурстарға, іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде пайдаланушы персоналын ұстауға (өндірістік мақсаттағы объектілер үшін) арналған шығындар кіреді.

Тапсырысшының осы шығындары Қағиданың 15-тармағына сәйкес, құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге арналған жиынтық смета, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен салалық (өндірістік мақсаттағы объектілер үшін) сараптамадан өтуге және тапсырысшымен келісуге жатады.

Қазақстан Республикасында салынатын мекемелер, ғимараттар мен құрылымдарын салу, реконструкциялау мен техникамен қайта жарақтандыру объектілерін іске қосуға арналған жиынтық сметаның құрамы, құру тәртібі, келісу және бекіту ҚР ҚН 8.02-17-2006 «Объектілерді пайдалануға беруге арналған жиынтық смета жасау тәртібі жөніндегі нұсқаулықпен» реттеледі.

Іске қосып баптау жұмыстары құрылыс қызметіне кірмейді және құрылыс заңнамасымен реттелмейді, себебі жобада көрсетілген технологиялық үрдістер жабдық, бөлек машина мен қондырғылар бос жүрісінде орындау, кейіннен жабдықты жүктемемен жеке сынақ жүргізу және орнықты режіміне шығу алғашқы өнімді шығаруды қамтамасыз етеді, және мердігер мекемелерімен емес мамандандырылданған іске қосу мекемелерімен орындалады.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң), «құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі – мемлекеттік инвестициялар) – жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі:

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге жіберілетін нысаналы қаражат;

мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

концессиялық жобаларды іске асыруға жіберілген қаражат болып табылады».

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінде «мемлекеттік инвестицияға» ұқсас түсінік қарастырылды. Осылайша, қолданыстағы заңнамада квазимемлекет секторының «қарыз» және «меншікті» қаражаты түсінігі реттелмеген.

Сонымен бірге, баяндалғанды ескере отырып іске қосып баптау жұмыстарына жобаны жасақтауда мемлекеттік инвестициялық жобалар үшін бекітілген қолданыстағы заңнамалық актілерді басшылыққа алу жөнді деп санаймыз.

Сонымен қатар, «Іске қосушы жұмыстарға арналған баға көрсеткілерді қолдану жөніндегі нұсқаулар» 8.02-17-2006 ҚР ҚН (бұдан әрі – Нұсқау) барлық Іске қосу жұмыстарына бағаларға ортақ болатын ұсынымдары көрсетілген. Бағалар тізімі осы Нұсқаудың қосымшасында келтірілген.

Сондай-ақ, Нұсқаудың 1.3 тармағына сәйкес кәсіпорындар мен өндірістердің арнайы технологиялық жабдықтары үшін экономика саласы құрамында министрліктермен, ведомстволармен, басқа салалық құрылымдармен іске қосу жұмыстарына ведомстволық бағалары жасақталады.

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services