Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

№ 74-сұрақ

№ 74-сұрақ:

Жарғыға сәйкес Мекеме қызметтік және өндірістік-техникалық орынжайларды, жалпы пайдаланатын орындарды жинау, аулаларды, іргелес аумақтарды абаттандыру, гүлбақтарды, гүлзарларды, жас көшеттерді күтіп-баптау қызметтерін жүзеге асырады, сондай-ақ тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді және тиісті саланың уәкілетті органы үшін келісім-шарт жасайды.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер барысында Мекеме төмендегідей сұрақтарды түсіндіріп беруіңізді сұрайды:

1) жоғарыда аталған жұмыстардың сметалық құнын анықтау мақсатында коммуналдық, пайдалану жұмыстары және көгалдандыру, абаттандыру және аумақтарды күтіп-ұстау саласындағы кәсіпорынның қызметін реттейтін қолданыста қандай нормативтік құжаттар бар?

2) жас көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарын және аумақтарды күту жөніндегі жұмыстарды есептеу үшін ресурстық әдісті (еск. ресурстық әдіс құрылыстың сметалық құнын анықтайды) қолдануға бола ма?  Жұмыстың бұл түрі пайдалану жұмыстары болып табылады.

Сонымен бірге Мекеме қарамағындағы және теңгеріміндегі объектілердің аумақтары мен жас көшеттерді күтіп-ұстау бойынша жұмыстардың сметалық құнын анықтау жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды» әзірлеу үшін «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-ға (бұдан әрі – «ҚазНИИСА» АҚ) хат жолдаған болатын.

3) Мекеменің аумақтарды және жас көшеттерді күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың сметалық құнын анықтау үшін «ҚазНИИСА» АҚ дайындаған жоғарыда көрсетілген әдістемелік нұсқаулықты қолдануға құқығы бар ма?

4) қызмет көрсететін объектілер жоғары тұрған мекеме теңгерімінде тұрғандықтан әдістемелік нұсқаулықтарды жоғары тұрған мекемемен (еск. тиісті салалардың уәкілетті органы) келісу қажет пе?

 

ЖАУАП:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бапы      31-тармақшасына сәйкес, құрылыс қызметi - жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет.

Заңның 28-бапына сәйкес, «Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасының, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесiнiң қолданылуымен қамтамасыз етiледi. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттар жүйесi:

- техникалық регламенттердің (ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерінің, коммуникациялардың) талаптарына сәйкес өнімдердің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік техникалық құжаттарды:

- құрылыс нормалары;

- құрылыс нормалары және қағидалары (сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қолдану мерзімімен қосарлас кезеңге қолданылу кезеңіне);

- технологиялық карталар;

- құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар ... қамтиды».

Ағымдағы күту мен орташа жөндеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттiк нормативтерімен реттелмейді.

Демек, ағымдағы шығындар мен пайдалану шығындарын құру бойынша шығындарды бекітілген тәртіппен мемлекеттік органдар бекітетін өз қызмет саласы шеңберінде әдістемелік құжаттармен реттеу қажет.

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services