Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

№ 75-сұрақ

№ 75-сұрақ:

Уақытша ғимараттар мен құрылымдарды салуға қарастырылған кері қайтаратын соманы (возвратная сумма) бюджетке қайтару қалай жүргізіледі? Егерде, құрылыс нысанының жобалау-сметалық құжаттамасы 2013 жылы ҚР ҚН 8.02-05-2002 құжатына сәйкес жасақталған болса, ал нысанның құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталып, пайдалануға берілген болса,қандай нормативті құжаттарды басшылыққа алу қажет?

 

Жауап:

ҚР ҚН 8.02-09-2002 «Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындардың сметалық нормалар жинағы» 2001 жылғы сметалық-нормативтік базасы негізінде, ҚР ҚШН 8.04-05-2015 «Уақытша ғимараттар мен құрылыстарға арналған шығындардың сметалық нормалар жинағы» 2015 жылғы сметалық-нормативтік базасы негізінде сметалық құжаттамалар жасауға арналған.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Комитеттің 2015 жылғы 27 шілдеде № 246-нқ бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы сметалық-нормативтік базаға көшу жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың 7.2 тармағына сәйкес, жобалық-сметалық құжаттаманы əзірлеуге арналған шартқа 2015 жылғы 1 шілдеден ерте қол қойылған жағдайда ЖСҚ құрамында сметалық құжаттама 2001 жылғы сметалық-нормативтік база негізінде жасалады.

ҚР ҚН 8.02-09-2002 «Уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындардың сметалық нормалар жинағының» 3.4-тармағына сәйкес, материалдар мен бұйымдарды жүзеге асырудан, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды бұзудан алынатын қайтарылым сомалар, есептердің түріне қарамастан уақытша ғимараттар мен құрылыстар құрылыстың сметалық құны есебінде 15% көлемінде анықталады.

Сәйкесінше, 2001 жылғы сметалық-нормативтік базаны қолданумен құрылысты аяқтау кезеңінде уақытша ғимараттар мен құрылыстардан 15% тапсырыс берушіге қайтару талап етіледі.

Сондай-ақ, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындарды қайтару тәртібі мердігерлік келісім-шарт пен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ережелерімен реттеледі.

 

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services