Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

№ 78-сұрақ

Сұрақ: Сарапшының аттестаты электрондың түрге мерзімсіз қалай аударуға болады?

 

Жауап: Бұрын аттестаттау рәсімі 2012 жылғы 25 қаңтар № 165 Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларымен регламенттелдi. Аттестаттау мерзімі әрбір 5 жыл сайын көрсетілген қаулымен белгіленген (2015 жылғы 16 шілдедегі № 542ҚРҮҚ сәйкес күші жойылды).

Қазіргі уақытта, аттестаттау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10058 тіркелді) (бұдан әрі – Ереже). Ережеге сәйкес аттестаттын (бұдан әрі – сарапшының аттестаты) мерзімі көрсетілмеген (2015 жылғы 12 ақпанда күшіне енді).

Осылайша, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының аттестаты мерзімсіз беріледі.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңның 43-бабының 1 және 2-тармақтарында сәйкес (бұдан әрі – Заң) нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды.

Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi азаматтарға жүктелген міндеттерді алып тастайтын немесе олардың жағдайын жақсартатын жайттар Заңның 43-бабының 1-тармағының қағидаларына кiрмейдi.

Бұл жағдайда, сарапшының аттестаты қолданылу мерзіміне шектеулерді алып тастау қайта рәсімдеу бойынша міндетін жоққа шығарады және Қағдалар тиісінше бұрын берілген сарапшының аттестаттарына кері күші бар.

Сондай-ақ, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанында берілген болса, лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші өтініші бойынша оларды электрондық форматқа көшіруге және рұқсаттың электрондық нысанын алуға құқылы.

Жоғарыда жазылғанды ескере отырып, бұрын берілген аттестаттарды электрондық форматқа мерзімін көрсетпей отырып қайта ресімдеу үшін аттестатталған сарапшыларға тиісті құжаттарды қоса бере отырып облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы Басқармаларына жүгіну қажет, бұл

 

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services