Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

№ 79-сұрақ

Сұрақ: Бекітілген техникалық сипаттамаға сәйкес инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға құқық беретін сәйкес аттестаты және автомобиль жолдары саласындағы білімі бар техникалық бақылау бойынша мамандардың болуы әлеуетті жеткізушілерге біліктілік талабы болып табылады.

Автомобиль жолдары саласындағы білімі бойынша қызметкердің біліктілігі оның кәсіби дайындығының деңгейі мен бейінін анықтайтын қызметті анағұрлым сапалы көрсетуге бағытталған. Маманның өнеркәсіптік-азаматтық білімі кәсіби дайындықта бейінді болып табылмайды.

Осылайша, мамандардан автомобиль жолдары саласындағы білімі болуын талап ету заңға сәйкес келе ме?

 

Жауап: «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес, орындалу (көрсетілу) сапасы осындай жұмыстарды (қызметтерді) тікелей орындайтын (көрсететін) қызметкердің біліктілігіне байланысты жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның қажетті деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, үш жылдан аспайтын жұмыс өтілін (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерде неғұрлым жоғары өтіл көзделген жағдайларды қоспағанда) айқындайтын қойылатын талаптардың сипаты беріледі.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындау қажет.

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services