Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

№ 80-сұрақ

Сұрақ: Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (ары қарай – РМҚК «Казгеодезия») Жарғыға сәйкес, ҚР барлық аумағында топографо-геодезиялық и картографиялық жұмыстарды жүргізеді, осы мақсатта 8 филиал құралып, аумақ бойынша өзінің қызметін атқарады.

РМҚК іздестіру қызметі бойынша: «Инженерлі-геодезиялық жұмыстар, оның ішінде: инженерлі-геологияық өндірістің табиғи болмысымен байланысқан геодезиялық, геофизикалық және басқа іздестіру орындарының жұмыстары» бойынша лицензиясы бар.

Солтүстік өңір аумағында (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар областары) РМҚК филиалы бас директордың Филиал директорына қол қойылған бас сенімхатқа сәйкес жұмысты атқарады.

Филиал РМҚК мекен-жайынан тыс орналасқан және оның міндеттерінің бөлігіне төрағалық етуші оқшауланған бөлімшесі, Филиал директоры ҚР барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарында РМҚК мүддесіне өкіл болуға құқығы бар.

Филиал тікелей техникалық құралғыларды, білікті қызметкерлерді, Бас сенімхатқа және Филиал туралы Ережеге сәйкес топографо-геодезияны және картографияны қолдана отырып жұмыстарды атқарады. Филиал жеке заңды тұлға болып есептелмейді, оны құраған Кәсіпорын мүлкіпен қамтамассыз еткен, Филиалдың банк мекемелерінде есебі бар.

Баяндалғанның негізінде, РМҚК лицензиясында Республикадағы Филиалдарға арналған қосымшасы болуы керек пе, жок па, егер қажет болмаса аталған қызмет түріндегі лицензия қосымшасындағы жұмыс түрлеріндегі «Өндірістік дерек» бағанында Филиалдың тұрғылықты мекен-жайы нұсқалуы міндетті ме (немесе басқа бағанда).

 

Жауап: Лицензиясы бар заңды тұлғаның филиалы құрлыс қызметін жүзеге асыруға қатысты хатыңызды өз құзыреті шегінде қарап мынаны хабарлайды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі – Заң) 1-баптың 8) тармақшасына сәйкес лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.

Заңның 29-баптың 2-тармақтың 1) тармақшасымен лицензия жеке немесе заңды тұлғаны не шетелдік заңды тұлғаның филиалын немесе өкілдігін тіркеу орны бойынша беріледі деп қаралған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 43-баптың 1-тармағына сәйкес Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi оның филиалы болып табылады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген лицензия және лицензияға қосымшаның нысандарында филиалдың болуы туралы мәліметтер көрсетілмейді.

Баяндалғанның негізінде, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның лицензиясы негізінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруды заңды тұлғаның филиалы құқылы деп санаймыз.

© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services