Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу

Мемлекеттік қызметін атауы:

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу

 

Нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 700 бұйрығы «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 759 бұйрығы «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы

 

Көрсету мерзімі:

көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды

 

Қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың тізімі:

а) куәлік алу кезінде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық ұйымның сарапшылары туралы мәліметтер, олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, аттестаттарын және еңбек шартының нотариат куәландырған көшірмелері.

Көрсетілетін қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсынған жағдайда, құжаттарды нотариаттың куәландыруы талап етілмейді;

4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығы немесе өзге де заңды негізде өндірістік базаның болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтер, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшасына сәйкес жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер.

б) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1-тармақшасында көзделген материалдар мен құжаттардан басқа куәліктің жарамдылығын растау кезінде, қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:

5) оң және теріс қорытындылармен, және жобалардың атауларын және сатыларын, олардың тапсырыс берушісі мен әзірлеушісін көрсете отырып, құрылыс жобалары бойынша өткен кезеңге берілген сараптамалық қорытындылар туралы ақпарат;

6) сараптамалық ұйымдар сарапшыларының біліктілігін арттыру, біліктілік арттыру курстарынан немесе арнайы семинарлардан өту фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері;

7) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, аталған заңды тұлғаға және/немесе сарапшыға қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер.

© 2019

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services