Show menu Search
Mass Media
Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

You are here

News

2111/19
Строительные отрасли стран СНГ будут интегрироваться через BIM-технологию.

ТМД елдерінің құрылыс саласы BIM-технология арқылы интеграцияланады

Санкт-Петербургте өткен «Тұрақты даму үшін құрылыс саласының сандық трансформациясы» бірінші Халықаралық форумы аясында ТМД елдерінің құрылысында ақпараттық модельдеу технологиясы саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияның екінші кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараны алғы сөзбен РФ Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық министрі Владимир Якушев ашты, модератор ретінде құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу мәселелері бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымының басшысы Андрей Басов сөз сөйледі.

Отырыстың жұмыс тәртібі Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қырғызстан Республикасының құрылыс объектілерінің өмірлік циклін басқарудың цифрлық трансформациясының алғашқы нәтижелері туралы баяндамаларынан басталды ("РҒТО" РБК-дан    В. Б Алюшкевич, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-нан А.Ю Шахнович, Ресей ФАМ «ФСО» А. В. Басов  және Қырғызстан Мемлекеттік сараптамасынан С. Т. Арабеков).

Александр Шахнович, Комиссия басшысы және қоса атқару бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Басқарушы директоры өз еркімен қолданудың I кезеңін іске асыру бойынша үш жылдық жұмыс нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының құрылыс объектілерін ақпараттық үлгілеу технологиясы бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бағдарланған жіктеуіш ҚОАМТ (BIM) құру жүргізілді.

Сонымен қатар,  күн тәртібінің жеке тармағы бойынша  А. Ю. Шахнович «құрылысқа арналған жобалық құжаттама жүйесі. ФАМ «ФСО» тапсырысы бойынша «ОҒЗЖЖӨнеркәсіпғимарат» АҚ және «ҚазҚСҒЗИ»  АҚ әзірлеген жобалау кезеңіндегі объектінің ақпараттық моделімен» таныстырды. Талқылау қорытындысы бойынша Стандарттың қарастырылған нұсқасын Комиссия сарапшылары мақұлдады және мемлекетаралық техникалық комитет алаңында қарауға ұсынылды.

Беларусь, Қазақстан және Ресейден келген кеңейтілген отырысқа қатысушылар ISO 12006-2 және ISO 81346-12 стандарттары негізінде құрылатын жіктеуіштерді әзірлеу және қолдану нәтижелерімен алмасты. Талқылау барысында РФ Құрылыс және ТКШ Министрінің орынбасары Дмитрий Волков ТМД-ға қатысушы елдердің құрылыс саласын цифрландыру бойынша тәсілдерді біріздендіру қажеттілігіне баса назар аударды. «Жіктегіштерді автоматты немесе жартылай автоматты түрде жүргізу үшін технологиялық түрде синхрондау қажет. Осы мәселені шешу үшін әрбір елдің нақты мерзімдерімен және сарапшыларымен қадамдық іс - қимыл жоспарын белгілеу қажет» - деді Д. А. Волков

Қорытынды талқылау барысында, Қазақстан Республикасының делегаттары («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану кезінде ақпараттық модельдеуді қолдану туралы мемлекетаралық стандартты әзірлеу туралы мәселені қарауды ұсынды. Отырысқа қатысушылардың осы және басқа да ұсыныстары  Резалюция  түрінде рәсімделді.


© 2020

Ministry of Industry and Infrastructural Development of the Republic of Kazakhstan

Ministry for Investments and Development, Republic of Kazakhstan Committee on construction, housing and utilities services