Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1809/19
Потребность угольной продукции для коммунально-бытовых нужд и населению на период с 2019 по 2020 гг. составляет 10,4 млн.тонн.

2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін және халыққа көмір өнімінің қажеттілігі 10,4 млн.тоннаны құрайды.

Бүгінгі күні 4,9 млн. тонна немесе 47% көмір дайындалды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Биылғы жылы жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері (1 мамырдан 16 қыркүйекке дейін) теміржол көлігімен 23,5 млн.тонна көмір тасымалданды, бұл жоспар көрсеткішінен 1%-ға артық.

"Облыстар бойынша көмір тиеу жоспарының орындалуы: 100% -дан астам - Ақмола, Павлодар, Түркістан, Қостанай, Алматы қ.; 90% -дан астам-ШҚО, Қарағанды, Астана қ.; 80% -дан астам-Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары",-деді Қайырбек Өскенбаев.

ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі өткен жылдан бастап көмір бағасы өзгермегенін атап өтті.

"Көмір бағасы барлық облыстар бойынша бақылауда тұр. Апта сайын бағалар бойынша жиынтық ақпарат Министрге және Үкіметке беріледі. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көмір төрт разрезден әкелінеді. Шұбаркөл көмірінің құны 11,4 мың теңгені, Екібастұз көмірі 9,5 мың теңгені құрайды, Қаражыра көмірінің бағасы 11 мың – 13 мың теңгеден, Майкөбе көмірі 12,5 мың теңгеге дейін өзгереді", – деді Қайырбек Өскенбаев. 

Көмірдің құны мен сапасы құзыретті органдардың (ЖАО, ИИДМ Өнеркәсіп комитеті) тұрақты бақылауында тұр.

"Біз Сіздерден тәртіп бұзған машина нөмірлерін жазып алуды өтінеміз. Тәртіп бұзушылықтар орын алатын тізбекті тез бақылайтын мүмкіндіктеріміз мол. Мемлекеттік органдарда жедел шаралар қабылдау үшін әкімшілік ресурстар жеткілікті",-деді Қайырбек Өскенбаев. 

Облыс және қала әкімдіктері шілде айынан бастап көмір дайындауды бастады, тұрақты негізде көмір жеткізу мониторингін жүргізеді, жергілікті атқарушы органдарда халыққа көмірдің сату нүктелері және көмірдің бар екендігін түсіндіру үшін жедел желі құрылатын болады. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті