Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0805/19
До 2025 года 40 тыс. многодетных семей получат арендное жилье

2025 жылға дейін 40 мың көп балалы отбасы жалдамалы тұрғын үй алады

Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігінің Бірінші  вице-министрі Қайырбек Өскенбаев а.ж. 8 мамырда Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг  барысында көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету тетіктерін іске асыру барысы туралы айтты.

Қ. Өскенбаев Елбасының көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында Парламент ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдағанын атап өтті.

Заң жүзінде жекелеген санаттар белгіленді және бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығын «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атағын алған көп балалы отбасылар мен аналар иеленді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық және жергілікті бюджетте сол жылға қарастырылған қаржыға сәйкес жалдамалы тұрғын үйлерді бөлу нормасы енгізілген. Осындай нормалар Мемлекеттік тұрғын үй қорының баспаналарын ұсыну және пайдалану ережелеріне және Баспаналарды пропорциялы бөлу әдістемесіне енгізілген.

Бүгінгі таңда елімізде 340 мың көп балалы отбасылар есепте тұр, олардың 31 мыңнан астамы тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдіктерде тіркелген (1қаңтардағы жағдай бойынша –28 мыңнан астам отбасы).

Жыл сайын өңірлерге көп балалы отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу мен алуға 50 млрд. теңгеден бөлінетін болады.

Бұның өзі жыл сайын 6 мың көп балалы отбасын қамтиды, ал 2025 жылға дейін 40 мың көп балалы отбасы жалдамалы тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болады.

Осы а. ж. мамыр айында барлық көздер есебінен 1316 көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, оның ішінде 1 мамырда 249 тұрғын үй берілді. Жыл аяғына дейін 7145 пәтер берілетін болады.

Тұрғынүйжинақтау банкі арқылы қосымша шаралар ретінде а.ж. маусым айынан бастап көп балалы, толық емес отбасыларды, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасыларды жеңілдікпен несиелендіруді бастау жоспарлануда. Бұл несиелер жылына 2% ставкамен 20 жылға дейінгі мерзімге алдын ала 10% жарна төлеу арқылы ұсынылады. Алғашқы жарнаның бір бөлігі баспана сертификаты арқылы жабылуы мүмкін.

Осы тетікті іске асыру үшін 3 жыл ішінде 150 млрд.теңге бөлу жоспарлануда. Бұл жыл сайын 6 мың займ беруді қамтиды, 25 жыл ішінде 56 мың несие берілетін болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті