Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0909/19
В Арыси построили 259 новых домов

Арыс қаласында 259 жаңа үй салынды

9 қыркүйекке дейін Арыс қаласында 7413 жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 243-інде косметикалық жөндеу жұмыстары жалғасуда,-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрылысшылар 259 жаңа үй тұрғызды, оның 136-да әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үйді жөндеу Арыстың 11 секторында, ал жаңа үйлердің құрылысы 8 секторда аяқталды.  Сонымен қатар, құрылыс алаңдарында 4,2 мың жұмысшы еңбек етуде.

Бүгінгі таңда әскери полигонда жарылыстан зардап шеккен 68 әлеуметтік нысанның 62-і қалпына келтірілді. сондай-ақ Құрылысшылар 322 бизнес-нысанды пайдалануға тапсырды.

Қаланы қалпына келтіру 20 қыркүйекке дейін жалғасады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті