Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0309/19
В Арыси построили 210 новых домов

Арыс қаласында жаңадан 210 үй салынды

Оның 160-да әрлеу жұмыстары жалғасуда

3 қыркүйекке дейін Арыс қаласында 7362 үйдің негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды-деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауқымды құрылысқа 4 мыңнан астам жұмысшы қатысуда. Қаладағы тұрғын үйді жөндеу жұмыстары  9 секторда толығымен аяқталды, ал қалған 8 секторда жалғасуда. 

Негізгі күш жаңа үйлердің құрылысына жұмсалуда. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында барлығы 466 тұрғын үй апатты және тозығы жеткен деп танылған болатын, оның 210 сүріліп, жаңадан салынды

Айта кету керек, ең қираған учаске Нұрсұлтан қ. секторына берілді. Мұнда 165 үй жаңадан салынады. Құрылысшылар тұрғын үй қорының барлық нысандарын 20 қыркүйекке дейін тапсыруды жоспарлап отыр.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті