Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1203/19
Страны ЕАЭС сверили позиции по Техрегламенту в строительстве

ЕАЭО елдері құрылыстағы Техникалық регламент бойынша ұстанымдарын салыстырды

ЕАЭО құрылыс саласындағы Техникалық регламенті және Одақтың Шартына енгізілетін өзгерістер бойынша ұстанымдар достастықтың қатысушы елдерімен Ресейдің Құрылыс министрлігінде талқыланды. Тараптар жалпы регламент қабылдау қажеттілігі туралы және міндетті құрылыс нормалары мен ерікті түрде қолданылатын құрылыс ережелерінің қос деңгейлі жүйесі туралы келісімге келді. Мәжіліс ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Волковтың төрағалығымен өтті. 

ЕАЭО техникалық регламенті құрылыс саласында бірыңғай экономикалық кеңістік құру үшін негізгі құжатқа айналуы тиіс. 

«Ресейлік тарап бастапқыда белгіленген әзірлеу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін техникалық регламентті даярлауды және бекітуді қамтамасыз ету үшін құрылысты техникалық реттеудің ерекшеліктеріне қатысты ЕАЭО туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасын келісу бойынша басталған жұмысты аяқтау қажет деп санайды», - деп атап өтті Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары Дмитрий  Волков.

Жоба бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Идырысов ұсынды: «Одақтың құрылыс нормалары мен ережелерін ұлттық деңгейде орнату мүмкіндігіне назар аудару қажет. Осылайша, мысалы, Одақтың құрылыс нормалары мен Одақтың құрылыс ережелері Одақтың мемлекет-мүшесінің аумағында Одақтың мемлекет-мүшесінде белгіленген тәртіпте ұлттық құжаттар ретінде қолдануды, енгізуді, өзгертуді және күшін жоюды көздеу ұсынылды. 

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің пысықталған тұжырымдамасы туралы "Құрылыстағы нормалау, стандарттау және сәйкестікті техникалық бағалау федералды орталығының" ФАМ директоры Андрей Басов айтып берді. «Ресейлік тараптан Одақтың құрылыс нормаларын мемлекеттерде қолдану тәртібі туралы Қазақстан Республикасының ұстанымын ескеруге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Бұл дегеніміз ұлттық құжаттар Одақтың сәйкес құрылыс нормалары мен құрылыс ережелеріне ұқсас немесе ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оларға қатысты түрлендірілген болуы мүмкін», - деп айқындады Андрей Басов.

Беларусь Республикасының өкілі «Стройтехнорм» РБК директоры Игорь Лишай құрылыс материалдары мен бұйымдарын пайдалануға қатысты шарттың тармағын нақтылау қажеттілігін атап өтті. Оның айтуынша, құрылыс материалдарының сәйкестігін растау нысаны, сондай-ақ оларды сынау талаптары мен әдістері бойынша бірыңғай тәсіл жасап шығару қажет. 

 Жалпы алғанда, тараптар техникалық регламентті қабылдау қажеттілігі туралы және міндетті Құрылыс нормалары мен ерікті түрде қолданылатын Құрылыс ережелерінің қос деңгейлі жүйесі туралы келісімге келді. Техникалық мәліметтер бір айдың ішінде анықталады



Көзі: www.faufcc.ru



 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті