Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1212/18
Новые подходы по развитию ЖКХ представлены в рамках Дня индустриализации

Индустрияландыру күні аясында ТКШ-ны дамытудың жаңа тәсілдері ұсынылды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір аясында ҚР экономикасының түрлі салаларындағы инновациялық технологияларға арналған «Industrial & Digital Kazakhstan» көрмесі өтті.

ТКШ ҚазОрталығы цифрлық өнімдер мен жаңа технологияларды қолдануды қамтитын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бойынша жаңа тәсілдерді ұсынды. Стендте аспаптандыру, жаңа технологияларды қолдану және e-SHANYRAQ бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу арқылы мемлекет үшін экономикалық тиімділікті және халық үшін орташа түбіртектің төмендеуін көрнекі түрде көрсеткен интерактивті бағдарлама ұсынылды.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың ұлттық мазмұнды және жергілікті стартап-жобаларды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өндірілетін қазақстандық зияткерлік есептеуіштердің үлгілері ұсынылды.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев атап өткендей, ТКШ-ны цифрландыру мемлекет үшін де, халық үшін де қуатты синергетикалық нәтиже береді. Тұтастай алғанда, жаңа тәсілдер секторды неғұрлым ашық етуге және азаматтардың коммуналдық кәсіпорындар қызметімен қанағаттануын арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы саланы дамыту үшін ұсынылған тәсілдерді мақұлдап, барлық мүдделі тараптармен басталған жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

Новые подходы по развитию ЖКХ представлены в рамках Дня индустриализации

Новые подходы по развитию ЖКХ представлены в рамках Дня индустриализации


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті