Қазақстанда алғаш рет министрлік ғимаратын цифрлады

 
 В Казахстане впервые оцифровали здание Министерства

Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік маңызы бар нысан үшін ақпараттық модель құрылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ғимараты. Ицфрландыру жобасы аясында шаруашылық мүлікті цифрлау жобасын енгізген жалғыз мемлекеттік ұйым – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.  ҚР ИДМ орналасқан «Транспорт Тауэрс» әкімшілік кешені ғимараты туралы толық ақпаратты қамтитын ақпараттық модельді Қазақстан ғылыми-зерттеу және құрылыс және сәулет жобалау институты жасады.

Модель ғимараттың тірек конструкцияларының техникалық жай-күйін кең ауқымды зерттеу және бағалау шеңберінде жасалды. Жобаға ақпараттық модельдеу технологиясы қолданылды.

Техникалық байқау кезінде алынған деректерді пайдалана отырып, ғимаратта қандай сәулеттік, құрылымдық және инженерлік шешімдер қолданылғандығы және қазіргі уақытта қалай жұмыс істейтіні туралы ақпаратты қамтитын нысанның ақпараттық моделі әзірленді.

Модельде құрылыс түрі, геометриялық параметрлер, іргетаның түрі, құрылыс материалдары, жылу жүйелері, сумен жабдықтау, кәріз және т.б. туралы мәліметтер бар.

Бұл модельдер адамдарды эвакуациялаудың төтенше жағдайларын анықтауға, құрылыстың тиімді жүйесін әзірлеуге, сондай-ақ, Астана үшін осындай маңызды көрсеткіштерді жел мен қардың деңгейі ретінде анықтауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық модель бюджет қаражатын жұмсауды оңтайландыруға көмектеседі, сондай-ақ ғимараттың энергия тиімділігі саласындағы шешімдерді есептейді және жасайды.

Нысандардың  ақпараттық моделі Smartcity Astana бағдарламасының аясында сәтті қолданылуы мүмкін. Себебі бұл ғимаратта адамдардың жайлылығы мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құрылымның жұмысын үздіксіз бақылауға және жөндеу жұмыстарының құнын төмендетуге мүмкіндік береді.