Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1104/19
В КазНИИСА прошла рабочая встреча с делегацией из Германии по применению BIM-технологий

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ-да ВІМ-технологияларды қолдану жөнінде Германиядан келген делегациямен кездесу өтті

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтында ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) құрылыста ақпараттық модельдеуді (ВІМ) қолдану мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік әріптестермен кездесу өткізілді. Германиядағы Жылжымайтын мүлік пен тұрғын үйді басқарудың қолданбалы ғылымдары университетінің өкілдері, германиялық энергетикалық агенттігінің GmbH энергиялық тиімді ғимараттары жөніндегі сарапшылар, ҚР Халықаралық білім беру корпорациясының басшылары, ҚазҚСҒЗИ сарапшылары, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) басшылары құрылыстағы ақпараттық модельдеуді дамыту саласында пікір алмасты.

Кездесу «Сәулеттегі және құрылыстағы заманауи трендтер: энергиялық тиімділік, энергия үнемдеу, ВІМ технологиялары, қалалық орта мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде өтті.  

Конференция сәулет және құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді, олардың энергия үнемдеу мен энергиялық тиімділіктің, ВІМ технологияларын қолданудың, қалалық ортаны жоспарлау мәселелерін шешудің заманауи трендтерімен байланысын талқылауға бағытталды. 

Конференцияның сарапшыларымен кездесу барысында ҚазҚСҒЗИ мамандары институттың құрылыстағы ақпараттық модельдеуді іс жүзінде қолданудағы жетістіктері туралы айтып берді, іске асырылыған жобаларды үлгі ете отырып, жобалау, құрылыс салу және пайдалану сатыларында (ВІМ) қолданудың зерттеулерін ұсынды. Пікірталастың жекелеген тақырыптары гранттық қаржыландырудың шеңберінде ҚазҚСҒЗИ-дың энергия үнемдеу саласындағы жұмысы, Еурокодтарды қолдану, сондай-ақ Бірыңғай жіктеуішті Қазақстанда қолданылатын ресурстық әдістің баға белгілеу жіктеушісімен үйлестіру болды. 

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының директоры Данияр Токтыбаев, Автоматтандырылған жобалау жүйесі бөлімінің бастығы Анна Листопад, Инженерлік жүйелерді модельдеу және есептеу бөлімінің бастығы Мария Нурмухаметова баяндама жасады.

Қазақстанда технологиялық күрделі объектілер үшін ҚОАМТ-ны міндетті қолдануды 2020 жылы енгізу жоспарланып отыр. 2017 жылы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырысы бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары ҚР өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа ақпараттық модельдеу технологяиларын енгізу тұжырымдамасын әзірледі.

В КазНИИСА прошла рабочая встреча с делегацией из Германии по применению BIM-технологий


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті