Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2703/19
КазНИИСА одобрено придание статуса Базовой организации в области сейсмостойкого строительства

ҚазҚСҒЗИ-ға сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйым мәртебесін беру мақұлданды

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) ТМД қатысушы мемлекеттерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымы мәртебесін беру мақұлданды.

Тиісті шешім ТМД Экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында қабылданды.

ТМД қатысушы мемлекеттерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйым ТМД елдеріндегі ғылыми-зерттеу институттарының тиімді ынтымақтастығы және тәжірибе алмасуы үшін бірыңғай платформаға айналады деп жоспарланып отыр. Бұл ұйым құрылыстың сейсмикалық қауіпті аумақтары маңында қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттер арасында ынтымақтастықты дамытуға көмектесетін болады.

Базалық ұйым қызметінің шеңберінде ТМД қатысушы мемлекеттер елдерінің танымал, қазіргі ғалымдары мен мамандары арасынан ғылыми кеңес құру, соның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жас ғалымдарды белсенді тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ ТМД нормаларын үйлестіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және сейсмикаға төзімді құрылыс саласында бірыңғай ақпараттық база қалыптастыру көзделген.

ТМД Экономикалық кеңесінің жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында баяндама жасаған «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев «Сейсмикалық қауіпті аумақтардағы құрылыс кезінде қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету, ТМД қатысушы мемлекеттерінің аумағын жалпы сейсмикалық шағын аймақтандыру картасын әзірлеу, күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда әртүрлі конструктивтік шешімдердің төзімділігіне талдау жүргізу, сондай-ақ тиімді сейсмикалық оқшаулау әдістерін жасап шығару үшін жағдайлар мен тиімді механизмдерді тек біріккен күш арқылы ғана құруға болады», - деп атап өтті.

Базалық ұйым туралы жоба бұған дейін ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңестің отырысында қарастырылып, мақұлданғанын еске саламыз.

 

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылғы 7 қыркүйекте құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 87 жыл тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

 

КазНИИСА одобрено придание статуса Базовой организации в области сейсмостойкого строительства

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті