Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0104/19
Эксперты КазНИИСА провели обучающий семинар в РГП «Госэкспертиза»

ҚазҚСҒЗИ сарапшылары «Мемсараптама» РМК-да оқыту семинарын өткізді

Жасулан Омаров, техникалық ғылымдар кандидаты, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Сейсмикаға төзімділік, ғимараттар мен құрылыстарды тексеру орталығының директоры «Мемсараптама» РМК орталық және аймақтық филиалдарының қызметкерлеріне «Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздері» оқыту семинарын өткізді.  

Екі күндік дәріс курсы ҚазҚСҒЗИ Корпоративтік университетімен ұйымдастырылған және Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Семинар бағдарламасы жер сілкіністердің табиғаты және пайда болу себептері туралы дәріс сериясын, сондай-ақ Сейсмикаға төзімді құрылысқа арналған ауқымды блокты қамтыды.Оқыту курсының жоғары деңгейі «Мемсараптама» РМК-ның жетекшілерімен жоғары бағаланды. 

ҚР ЕЖ 2-03-30 2017 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» жаңа нормативтік құжатын іске қосуға, сондай-ақ жалпы сейсмикалық аудандастыру карталарын қайта қарауға, сейсмикаға төзімді құрылыстың негіздерін зерттеуге байланысты бұрын сейсмика саласында қауіп төндірмеген аймақтар үшін өзекті болды. 

«Мемсараптама» РМК  қызметкерлеріне тұрақты негізде оқытуды жүргізеді, бұл ретте осы дәріс курсының тыңдаушылары арасында сейсмикалық аудандарға жатпайтын солтүстік аймақтарда жұмыс істейтін қызметкерлер болды»,- атап өтті Жасулан Омаров.

«Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздері» бағдарламасы бойынша оқытуды «Мемсараптама» РМК –ның 18 қызметкерлері өтті. Оқытудың нәтижелері бойынша курстың тыңдаушыларына сертификаттарды «Мемсараптама» РМК директордың орынбасары Николай Тихонюк табыстады.

ҚазҚСҒЗИ институты – Құрылыс саласындағы, оның ішінде сейсмикалық қауіпті аудандардағы мәселелермен айналысатын Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік мекеме екендігін атап өтейік. Институт бұл салада  87 жылдық жұмыс тәжірибесін қамтиды.

Эксперты КазНИИСА провели обучающий семинар в РГП «Госэкспертиза»

Эксперты КазНИИСА провели обучающий семинар в РГП «Госэкспертиза»Эксперты КазНИИСА провели обучающий семинар в РГП «Госэкспертиза»

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті