Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1903/19
Более 40 тыс. арендныx квартир предоставят многодетным семьям

Көп балалы отбасыларға 40 мыңнан астам арендалық пәтер беріледі

Биыл жыл басынан бері (қаңтар-ақпан)барлық қаржы көздері есебінен 1,7 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр хабарлады. Оның айтуынша, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы үшін өңірлерге республикалық бюджеттен 32,8 млрд. теңге қарастырылған. Шамамен 4,5 мың пәтердің құрылысы жоспарлануда (230,1 мың шаршы метр).

«Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVІІІ съезінде берген тапсырмаларын іске асыру үшін 2019 жылға бюджетті айқындау аясында көп балалы отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына және сатып алуға өңірлерге 50 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Жалпы аталған іс-шараға 7 жыл ішінде 350 млрд. теңге қарастырылған. Бұл жыл сайын 6 мың көп балалы отбасыны пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, 7 жылда 40 мыңнан астам пәтер беріледі деген сөз», - деп атап өтті министр.

Бүгінгі таңда 25 млрд. теңгенің құрылыс жобалар тізімі жасалды. Дайын пәтерлерді сатып алу үшін 25 млрд. теңге қарастырылған. Бұл көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуді тездетуге ықпал етеді.

«Түркістан облысында 4 832 көпбалалы отбасы кезекте тұр (28126 көпбалалы отбасының). Осыған байланысты өңірге пропорционалды 8,6 млрд.теңге бөлінуде. Бұл қаражаттан 4,3 млрд. теңге құрылысқа, қалған 4,3 млрд. теңге дайын пәтер сатып алуға беріледі. Солтүстік Қазақстан облысындағы 342 отбасыға берілетін лимит 700 миллион теңгені құрайды», - деп хабарлады Роман Скляр.

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының «Жастар жылының» ашылуы кезінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында 2019 жылға Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 1 мың жалдамалы пәтер құрылысына 7,2 млрд. теңге қарастырылды. Осылайша, жас мамандар үшін 3 жылда 3 мың пәтердің құрылысына 21,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша биыл әкімдіктер 11 719 пәтердің (740 мың шаршы метр) құрылысына (690,1 мың ш.м) 108,8 млрд. теңге тартуды жоспарлап отыр. 1-ші тоқсанның соңына дейін 45,7 млрд. теңгемен қаржыландыру қарастырылған, оның ішінде 30,7 млрд. теңге әкімдіктер тартқан қаржы. Сонымен қатар аталған бағыт бойынша Мемлекет Басшысының «Нұр Отан»партиясының съездінде берген тапсырмаларын іске асыру бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасыларға 20 жылға дейіналғашқы жарнасы 10% болатын жылдық ставкасы 2% жеңілдетілген кредиттеу жүйесін енгізу ұсынылады.

«Алғашқы жарнаға тұрғын үй сертификатын пайдалануға мүмкіндік бар. Аталған механизмді 3 жыл  ішінде іске асыру үшін жыл сайын 50 млрд. теңгеден 150 млрд. теңге қажет болады. Жыл сайын 6 мың займ беру жоспарлануда, сонымен қатар әкімдіктер тарапынан 2 мың пәтер сатып алу қамтамасыз етіледі. 3 реттік айналым есебінен 25 жылда 56 мың көп балалы отбасыға займ берілетін болады», - деп түсіндірді министр. ҚР ИИДМ басшысының ақпараты бойынша, «7-20-25» бағдарламасы көбіне төлем қабілеті бар халықты қамтитын болса, бұл орайда әлеуметтік сала мен бюджеттік ұйым жұмысшылары үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімі басымдырақ. Салымшылар саны 1,3 миллионға жетті, жинақ көлемі 624,2 млрд. теңгені құрады. Аталған шаралар тек банк клиенттерін ғана емес, сонымен қатар жеке құрылыс салушыларды да «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға ынталандырды. Бүгінгі күні жеке құрылыс салушылар 71,7 млрд.теңгенің 94 жобасын берді. Бағдарлама іске асқаннан бері кредиттік сомасы 60,9 млрд.теңгені құрайтын 74 жоба қолдау тапты (2017 ж. – 30,1 млрд.теңге, 2018 ж. – 28,5 млрд.теңге, 2019 ж. – 2,3 млрд.теңге). 220,6 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (2017 жылы – 62,6 мың ш.м., 2018 жылы – 158 мың ш.м.). Биыл 160 мың шаршы метр  тұрғын үй салу жоспарлануда.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті