Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0710/19
Глава МИИР РК в рамках Правительственного часа рассказал о ходе реализации госпрограммы жилищного строительства «Нұрлы жер»

ҚР ИИДМ басшысы Үкімет сағаты шеңберінде "Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы әңгімеледі

 

Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2017 жылдан бастап "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Мемлекеттік бағдарлама 5 негізгі міндетті іске асыруды көздейді:

- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу;

- кредиттік тұрғын үй құрылысы;

- жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

- жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарта отырып тұрғын үй салу.

2017-2018 жылдар кезеңінде барлық көздер бойынша 23,7 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, 1,9 трлн. теңге инвестиция тартылды. 213 мыңнан астам азамат өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов қол жеткізген негізгі көрсеткіштерді атап өтті және осы бағыттағы жоспарлар мен міндеттерге мұқият тоқталды.

1-міндет: Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу

Жалға берілетін тұрғын үй сатып алу құқығынсыз беріледі:

1) халықтың әлеуметтік осал топтарына;

2) аз қамтылған көп балалы отбасыларға;

3) жұмыс істейтін жастар.

2019 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын 6002 жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Бұдан басқа, Елбасының тапсырмасы бойынша ("Нұр отан" партиясының XVIII съезі шеңберіндегі деректер) 40 мың жалдамалы тұрғын үй немесе жыл сайын 2025 жылға дейін көп балалы отбасылар үшін 6 мың пәтер салу жоспарланған.

Тұрғын үй кезегінде 38 мың отбасы тұр.

Көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу мақсатында мамыр айынан бастап барлық қаржыландыру көздерінен 3 046 тұрғын үй берілді. Әкімдіктердің деректері бойынша көп балалы отбасылар үшін ағымдағы жылы барлық көздерден 8 мыңнан астам пәтер беріледі деп күтілуде.

Аз қамтылған көп балалы, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2%-бен несиелеу басталды. Бұл 5 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 1 қазанға республика бойынша 3864 өтінім қабылданды, оның ішінде 33,0 млрд.теңге сомасына 3236 өтінім мақұлданды (906 аз қамтылған отбасы 9,5 млрд. теңгеге қарыз алды).

Сондай-ақ, Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша Жастар жылы аясында ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған кемінде 3 мың жалдамалы пәтердің құрылысы басталды. 2021 жылға дейін 9 мың жалға берілетін пәтер салуды жоспарлап отырмыз.

2-міндет: Кредиттік тұрғын үй құрылысы

Бағдарламаның бұл бағыты тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдіктердің кезекте тұрғандары, сондай-ақ "7-20-25"бағдарламасының клиенттері үшін кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуды көздейді.

Әкімдіктер құнды қағаздарды шығару есебінен құрылысқа қаражат тартады және оларды әрбір 2 жыл сайын револьверлік негізде айналдырады.

2016-2018 жылдар аралығында 1,2 млн.шаршы метр немесе 19 744 пәтер пайдалануға берілді (206,4 млрд.теңге облигациялар шығарылды).

686,5 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй немесе 11 838 пәтер салу жоспарлануда. Бүгінгі күні ауданы 169 мың ш. метрден тұратын 2 811 пәтер пайдалануға берілді.

3-міндет: Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту

Тұрғын үй құрылысының жоспарланған көлемін қамтамасыз ету үшін мемлекет жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарға қажетті инфрақұрылымды жүргізу есебінен қолдау шараларын көрсетеді.

2019 жылы республикалық бюджеттен ИКИ құрылысына 81,7 млрд. теңге қарастырылған, оның 22,6 млрд.теңгесі шамамен 40 мың жер учаскелеріне ИКИ жүргізуге бағытталған.

4-міндет: Жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысын ынталандыру

Жеке құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау бағытын іске асыру басталғаннан бері (2017 жылдың маусымынан бастап) Даму Қоры субсидиялау үшін жалпы сомасы 66,2 млрд. теңге болатын жобаларға қол қойды. Жеке құрылыс салушыларға 328 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды.

Бұл ретте салынған тұрғын үйдің 50%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, "7-20-25" бағдарламасының және коммерциялық банктердің клиенттеріне белгіленген баға бойынша (220-260 мың теңге/м2) сатылады.

Халықтың ипотекалық қарыздарын субсидиялау бағыты бойынша осы бағытты іске асыру басталғаннан бастап (2017 жылғы маусымнан бастап) коммерциялық банктер жалпы сомасы 36,2 млрд.теңгеге халықтан өтінімдер мақұлдады.

Бұл 3,5 мың қазақстандық үшін ипотека бойынша ай сайынғы төлемдерді орта есеппен 30% - ға арзандатуға мүмкіндік берді.

5-міндет: квазимемлекеттік ссектор субъектілерін тарту арқылы құрылыс

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 2015-2016 жылдары (ҚИК), 2016-2017 (ДБ, ҚНК) Ұлттық қор қаражатынан квазимемлекеттік сектор операторларды тарту арқылы тұрғын үй құрылысына қаражат бөлінді.

Бүгінде Бәйтерек девелопмент пен Қазақстандық ипотекалық компания өз нысандарын аяқтады, Самұрық 2019 жылы аяқтайды. Осы операторлар жалпы ауданы 2,3 млн. шаршы метрге жуық 39,8 мың пәтер салды.

Қазір бюджеттік қаражат есебінен жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру бойынша барлық мәселелер әкімдіктерге берілді.

Сайлау алдындағы тұғырнама мен мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында жыл соңына дейін  5 міндет қосу арқылы "Нұрлы жер" бойынша жаңа бағдарлама бекітілетін болады:

- бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру;

- халықты сапалы ауыз сумен және су жүргізу қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету;

- коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту;

- тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және қайта жаңарту;

- құрылыс саласын дамыту.

Мемлекет басшысы айтқандай, "бағдарламаларға қатысу үшін нақты өлшемдер" қарастырылады және халықтың табысы айқындаушы фактор болады. Мәселен, табысы жоқ немесе отбасының 1 мүшесіне табысы бар кезекте тұрғандарға (21,5 мың теңге) сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі. Мұнда әлеуметтік-осал санаттар арасында іріктеу жүргізіледі.

Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй табысы жоқ азаматтарға берілетін болады. Әлеуметтік осал санаттар үшін (жетім балалар, мүгедектер, т.б.) сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жалғастырылатын болады. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыс істеп тұрған оператор – Бәйтерек девелопмент, Қазақстандық ипотекалық компания мен тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын бірыңғай операторға біріктіру жолымен Холдингтің тұрғын үй блогын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бірыңғай оператор Инжинирингті, сандық мониторингті және кейінгі пайдалануды қоса алғанда, іске асырудың барлық кезеңдерінде жобаларды стратегиялық жоспарлаудан бастап толық сүйемелдеуге дейін кешенді түрде тікелей қолдау көрсететін болады. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытатын еліміздегі жалғыз банк ретінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халыққа жеңілдікті тұрғын үй заемдарын беру жөніндегі өз функцияларын жалғастырады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін жыл сайын алдағы 3 жылда қаржыландыруды арттыру және 10 мың отбасын қолдаумен қамту жоспарланып отыр.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Бақытты отбасы" жеңілдетілген кредит беру жөніндегі "2-10-25" бағдарламасы бұрынғысынша мақсатты аудиторияға ие болады - көп балалы, толық емес отбасылар және отбасы мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі 1 еңбекақыға дейінгі мүгедек балалары бар отбасылар (1 ЕТЖ - 42,5 мың теңге). Әкімдіктердің "5-20-25 "бағдарламасы бойынша кредиттік тұрғын үйіне кедейлік шегінен жоғары табысы бар кезекте тұрғандар үміткер бола алады және отбасы мүшесіне 2 ең төменгі жалақыға дейін (85 мың теңге). 2 ең төменгі жалақыдан (85 мың теңге) асатын табысы бар азаматтар "7-20-25" бағдарламасының құралдарын және нарықтық өнімдерді (Баспана-хит, ҚИК-Орда, ҚТҚЖБ "Өз үйін") пайдалана алады. Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етеді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті