Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2604/19
Первый вице-министр МИИР доложил Премьер-министру о реализации комплексного плана социально-экономического  развития Туркестанского области

ҚР ИИДМ Бірінші вице-министрі Премьер-министрге Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық кешенді дамыту жоспарының іске асырылуын баяндады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Сапары аясында Түркістан қаласын дамыту перспективасына арналған кеңес өтті. Кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ИИДМ мен жергілікті атқарушы орган жүргізіп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қайырбек Өскенбаев өз сөзінде көлік инфрақұрылымының дамуы туралы хабарлады. Атап айтқанда, министрлік Түркістан облысының жергілікті жолдарын күрделі және орташа жөндеу бойынша 23 жобаны қолдаған. Жыл соңына дейін 1000 шақырымнан астам жергілікті желі жолдары жөнделетін болады.

Сонымен бірге Қайырбек Өскенбаев «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2019 жылы Түркістан облысында 2736 отбасыны (149,8 мың шаршы метр) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты.

20 түрғын үйді пайдалануға беріп және 1200 отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда, оның ішінде 270 пәтер аз қамтылған көпбалалы отбасыларға беріледі. .

Кредиттік тұрғын үй бойынша, Түркістан қаласында әкімдік 15 үйдің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр (алаңы 41,937 шаршы метр болатын 600 пәтер бойынша).  

2019 жылғы осы жобаларды іске асыру нәтижесінде алаңы 41,937 мың шаршы метр болатын 600 пәтер пайдалануға беріледі.  

Бұдан бөлек Қайырбек Өскенбаев Түркістан қаласындағы сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Фото: primeminister.kz


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті