Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0908/19
В преддверии профессионального праздника в Министерстве индустрии и инфраструктурного развития чествовали ветеранов строительной и автодорожной отрасли, а также сотрудников, внесших значительный вклад в развитие отрасли.  Открывая торжественное мероприятие, министр Роман Скляр отметил, что на сегодняшний день в строительной отрасли трудятся порядка 629 тысяч работников, из них в жилищном строительстве – 116 тысяч, в дорожном строительстве – 114 тысяч человек.   «В прошлом году благодаря реализуемой программ

ҚР ИИДМ-де елдің үздік құрылысшылары марапатталды

Құрылысшылар күні қарсаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде құрылыс және автомобиль жолдары саласының ардагерлері мен жоғарыда аталған саланың дамуына зор үлес қосқан мамандарға құрмет көрсетілді.

Салтанатты шараны ашқан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бүгінгі таңда елімізде құрылыс саласында 629 мыңға тарта адам еңбек ететінін атап өтті. Олардың 116 мыңы тұрғын үй құрылысы саласында жұмыс істесе, 114 мыңы жол құрылысы саласында қызмет етеді. 

«Өткен жылы жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында 113 мыңнан астам адам жаңа баспанаға ие болды. 2018 жылы Түркістанда құрылыс жұмыстары кеңінен жүзеге асырыла бастады. Бір жыл ішінде мұнда тұрғын үйдің  387,8 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Арыс қаласы даөте  қысқа мерзім ішінде қайта салынып жатыр. Мұнда аптап ыстыққа қарамастан 7 мыңнан астам құрылысшы жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі таңда сіздердің еңбектеріңіздің арқасында 7 мыңға жуық отбасы өз үйлеріне қайта оралды», – деді ол.

Еліміздің жолдар инфрақұрылымы да жоғары қарқынмен дамуда. Осылайша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Батыс Еуропа – батыс Қытай, Алматы – Қапшағай, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Орал- Каменка, Қордай асуы айналма жолы, Бейнеу – Ақтау, Көкшетау – Петропавловск, Семей – Қалбатау жобалары аяқталған болатын.

«Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автожолдардың 6 мың шақырымға жуығы құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етілді. Жергілікті жолдарға да ерекше көңіл бөлінеді. Елбасының тапсырмаларына сәйкес жолдарды жөндеу жұмыстары 2 еседен астам мөлшерге ұлғайтылып, 4,5 мыңға тарта шақырымды құрайды», – деп қосты Р. Скляр.

Шара барысында министрлік тарапынан еңбегі жоғары бағаланатын құрылыс және автомобиль жолдары саласының 34 жұмыскері төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті