Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2609/19
Справка по уточнению адреса за 15 минут

Мекенжайды (тарихымен) нақтылау бойынша анықтама 15 минут ішінде

Ол не үшін қажет және оны қалай алуға болады

Мекен-жайды (тарихымен) нақтылау жөніндегі анықтаманы екінші деңгейдегі банктерге ипотеканы ұсыну кезінде не болмаса жылжымайтын мүлікті сату кезінде нотариус құжаттарда ескі мекен-жай көрсетілген жағдайда сұратады.

Мысалы, пәтер Мир көшесінде орналасқан. Алайда, ол көшенің атауы "Желтоқсан" болып өзгертілген. Осыны растау үшін көшенің ескі және жаңа атауы көрсетілген анықтама талап етіледі.

Бұрын мекен-жайды (тарихымен) нақтылау бойынша анықтаманы әкімдік 3 жұмыс күні ішінде беретін.

Қазіргі уақытта бұл рәсім 2018 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев бекіткен жол картасы аясында толығымен автоматтандырылған және "Мекенжай тіркелімі"ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматқа ауыстырылды.

Енді "Азаматтарға арналған үкімет" немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінген кезде анықтама жүйемен 15 минут ішінде автоматты түрде ұсынылады.

Айта кету керек, әкімдіктер елді мекендерді, көшелерді қайта атау, үйлер мен пәтерлерді нөмірлеуді өзгерту туралы мәліметтерді енгізе отырып, осы жүйені өзектендіру бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті