Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2009/19
 Реализация программы «Нұрлы жер» идет с большим опережением. За 8 месяцев этого года по всем источникам финансирования построено 7,6 млн. кв. м жилья или 65 тыс. жилищ

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Осы жылдың 8 айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша 7,6 млн.шаршы метр тұрғын үй немесе 65 мың тұрғын үй салынды

2017 жылдан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты 5 міндеттемелер арқылы азаматтар үшін баспанаға қолжетімлідігін арттыру болып табылады:

- сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салу;

- кредиттік тұрғын үй салу;

- жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

- жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу.

«"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Осы жылдың 8 айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша 7,6 млн.шаршы метр тұрғын үй немесе 65 мың тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 19% - ды немесе 849,9 млрд теңгені құрады»,-деді ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

2019 жылы республикалық бюджеттен әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін 6002 сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына (сатып алуына) 32,8 млрд. теңге бөлінетін болады. Жыл сайын 4 мың пәтерден кем емес іске қосылатын болады.                  

Көпбалалы отбасылар үшін 2025 жылға дейін 40 тыс. жалға берілетін тұрғын үйдің немесе жыл сайын 6 мың пәтердің құрылысы жоспарланды. Осы мақсаттар үшін  7 жыл ішінде  350 млрд. теңге көзделді (немесе жыл сайын 50 млрд. теңгеден).

«Көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін тез арада шешу үшін мамыр айынан бастап барлық қаржыландыру көздерінен 2 813 баспана берілді. Биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша көпбалалы отбасыларға 8 мыңнан астам пәтер беруді жоспарлап отырмыз», - дедi Қайырбек Өскенбаев.

Қосымша көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық 2% кредит беруді енгіздік. Бұл жыл сайын 5 мың отбасын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша  45,6 млрд. теңгеге 4434 өтініш қабылданды. Оның ішінде 24,9 млрд. теңгеге 2382 өтініш қолданды.

Сонымен қатар Елбасының Жастар жылы аясындағы тапсырмасы бойынша  үстіміздегі жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс жасайтын жастар үшін 3 мыңнан кем емес жалға берілетін пәтерлердің құрылысы басталды (Нұр-Сұлтан қаласында 1050 пәтер бастапқы нарықтан сатып алынады; Шымкент қаласында 570 пәтер бастапқы нарықтан, 30 пәтер қайталама нарықтан сатып алынады, 304 пәтер салынып жатыр; Алматы қаласында 1020 пәтер сатып алу және 30 пәтер салу жоспарлануда).

2021 жылға дейін 9 мың жалға берілетін пәтер салуды жоспарладық.

«Нұрлы жер» бағдарламасы елімізде жүзеге асырылып жатқан ең тиімді бағдарламалардың бірі. Біз қазір жаңа ынталандырулар мен мүмкіндіктерді іздейміз, бұл бағдарлама одан әрі дами береді және оны іске асыру масштабы арта түседі», - деп түйіндеді Қайырбек Өскенбаев.

 Реализация программы «Нұрлы жер» идет с большим опережением. За 8 месяцев этого года по всем источникам финансирования построено 7,6 млн. кв. м жилья или 65 тыс. жилищ

 Реализация программы «Нұрлы жер» идет с большим опережением. За 8 месяцев этого года по всем источникам финансирования построено 7,6 млн. кв. м жилья или 65 тыс. жилищ

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті