Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

3004/19
Сенат одобрил законопроект по вопросам жилищных отношений

Сенат Тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заң жобасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тапсырмаларын іске асыру үшін Мәжіліс депутаттарының бастамашылық тобы әзірлеген және көп балалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй проблемаларын шешуге бағытталған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жаңа түзетулер тұрғын үй жағдайын жақсартуға, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталып отыр.

Ұсынылып отырған түзетулер «көп балалы отбасылар» ұғымын «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес келтіруге бағытталған, бұл заң актілері арасындағы қайшылықты болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заң жобасымен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігін болдырмау мақсатында «сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» ұғымы анықталады. Бұл табысы төмен халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйдің тұрақты коммуналдық қорын құруға мүмкіндік береді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар және көп балалы отбасылар» санаттары үшін тұрғын үй алуға жеке кезектілік енгізу ұсынылады.

Анықтама.

2019 жылдың 1 қаңтарына әкімдіктерде тұрғын үй алу кезегінде 487 мың азамат тұр, оның 28 126 көпбалалы отбасы.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу үшін жыл сайын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 50 млрд.теңге бөлу көзделген.

Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы, 2025 жылға дейін - 40 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. 7 жыл ішінде қаржыландырудың жалпы сомасы 350 млрд. теңгені құрайды.

Бұдан басқа, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары (мысалы, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, өңірлік бағдарламалар) шеңберінде сатып алу құқығынсыз және оның көлемінсіз жалға берілетін тұрғын үй беру айқындалатын болады. Бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үйге үміткерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте жалға берілетін тұрғын үйдің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражатқа сәйкес айқындалатын болады.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына «жұмыс істейтін жастар» үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамытуды енгізу және мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органға (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын бекіту бойынша құзырет беру көзделеді.

Бұл түзетулер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша жұмыс істейтін жастарды жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етудің әзірленген тетігін іске асыруға мүмкіндік береді.

Анықтама.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жыл сайын 2019 - 2021 жж Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз кемінде 1000 пәтер салу көзделіп отыр.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті