Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2812/18
Информация о занижении цен на строительные материалы в Восточном Казахстане не соответствует действительности

ШҚО-да құрылыс материалдары бағаларының төмендетілгені туралы ақпарат дұрыс емес

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында құрылыс материалдарының бағасын қайта қарауға негіз жоқ. Қазақстандық құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Қазақстанның сметалық-нормативтік базаны әзірлеуші Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір жол құрылысы ұйымдарының құрылыс материалдары бағасына қайта қарау керектігі туралы өтініштері негізсіз екенін хабарлады.

2018 жылдың 26 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының жол құрылысы кәсіпорындары «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қорының аймақтық өкілдігінде құрылыс материалдары бағасын көтеру туралы ұсыныс жасап, сметалық-нормативтік базаны әзірлеуші база қалай қалыптасқанын түсінбейтінін айтты.

«Шығыс Қазақстан облысындағы жол құрылысы компанияларында құрылыс материалдарының бағасын көтеруге ешқандай себеп жоқ.

Жол-құрылыс компаниялары бағаның көтерілуіне жиі әрекет етеді. Материалдық ресурстардың бағалары туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдауды облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар жағдайында Қазақстан Республикасының өңірлері жүзеге асырады. Ал биылға арналған жинақ кестелеріндегі сметалық бағалар есепті кезеңдегі инфляцияның индексі ескеріліп, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша орташа есептеледі. Ұзақ мерзімді құрылыс кезінде (бір күнтізбелік жыл ішінде) сметалық құжаттамаға қаражат бөлу жоспарланған жұмыс көлеміне индекстеу арқылы жүзеге асырылады», - деп түсіндірді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

Бегман Кульбаев бұл құрылыс компаниялары бұрын құрылыс материалдары бағасын белгілеу тәртібі туралы түсініктеме беру үшін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-на өтініш білдіргенін хабарлады. Заңмен белгіленген мерзімде ресми жауапқа ұсынылған пункттердің әрқайсысына түсініктеме берілді.

Атап айтқанда:

Ұсынылған жол компанияларымен танысу барысында «сметалық және нарықтық бағаның салыстырмалы сараптамасы» бойынша нарықтық бағалар ҚҚС қоса алғанда немесе ҚҚС-ты ескермегенде, ұсынылған талдауда есеп дұрыс жүргізілмеген.

Бұдан бөлек, сметалық-нормативтік базаны әзірлеу кезінде  ереже бойынша жеткізушілердің үлкен көлемді қамтамасыз ететін кезде жасайтын жеңілдіктері есепке алынбайды, тиісінше шығындар азаяды.

Осылайша, ресурстық-сметалық базаға енгізілген баға белгілеу есептері негізінде нарыққа сәйкес келеді және қазіргі уақытта қайта қарауға жатпайды.

 

Анықтама:

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ - Қазақстанда құрылысты дамыту саласындағы, соның ішінде ерекше күрделі инженерлік-геологиялық және сейсмикалық өңірлерді қосқанда Қазақстандағы жалғыз ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Институт 1931 жылы 7 қыркүйекте құрылды. Қазақстанның құрылыс нарығындағы 85 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ң жалғыз акционері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті.

 

Фото ашық ақпарат көзінен

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті