Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1012/19
В СНГ провели первые совместные виброиспытания

ТМД-да алғашқы бірлескен вибродинамикалық сынақтар өтті

Бішкекте ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылысы жөніндегі Базалық ұйымының (СҚБҰ) аясында бірінші құрылыс конструкцияларының алғашқы вибродинамикалық сынақтары өтті.

Сынақты ҚазҚСҒЗИ мамандары мемлекеттік сейсмикаға төзімді құрылыс және инженерлік жобалау институтының (МСҚИЖИ) және сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі халықаралық сарапшылар қауымдастығымен (СҚХСҚ) бірлесіп өткізді.

Тәжірибелік тексеруден жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкциялар өтті.

Вибродинамикалық сынақтар барысында алынған деректерді талдағаннан кейін мамандар осы материалды сейсмикалық қауіпті аймақта объектілер салу үшін қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

ТМД елдері мамандарының бірлескен ғылыми-практикалық және эксперементтік жұмыстары - ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйым қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Еске сала кетсек, ТМД елдері сейсмикалық тәуекелдің алдын алу мәселелерін шешуде, сейсмикаға төзімділік саласындағы нормативтік құжаттарды үйлестіруде, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде күштерін біріктіруге шешім қабылдады. Осы мақсатта, 2019 жылдың маусым айында Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйымы мәртебесі берілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті