Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1605/19
Строители СНГ подвели промежуточные итоги внедрения информационного моделирования в строительство

ТМД құрылысшылары құрылыс саласында ақпараттық модельдеуді енгізудің аралық қорытындысын жасады

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының директоры Данияр Тоқтыбаев Минск қаласындағы халықаралық ғылыми-техникалық конференцияда Қазақстан Республикасының құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологиясын (ҚОАМТ) мемлекеттік деңгейде енгізуге бағытталған үшжылдық жұмыс нәтижелерін  ұсынды.

Қазіргу уақытта Минкс қаласында өткізіліп жатқан «BIM-технологиясы және оларды енгізу. Құрылыстағы баға белгілеу» атты IV халықаралық конференцияға Қазақстан, Беларусь, Ресей, Армения, Молдова, Литва, Әзірбайжан, Украина елдерінің мемлкеттік және жеке құрылыс ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған Түркия сарапшылары қатысуда. Аталған іс-шара Беларусь елінің Құрылыстағы баға белгілеу  Республикалық ғылыми-техникалық орталығымен (РГТО) ұйымдастырылып отыр.

Қазақстандағы құрылыс саласына ақпараттық модельдеуді енгізудегі тәжірибе туралы баяндамасында Данияр Тоқтыбаев ҚОАМТ қолдану бойынша мемлекеттік нормативтерді жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыс нәтижелерін көрсетті. Атап айтқанда, технологияны енгізу жолында туындайтын қиыншылықтарға, «кедергілерге» ерекше назар аударды.

Кейбір кедергілер, яғни жобалау және құрылыс саласында енгізіліп жатқан жаңа технологиялар туралы нарықтағы  әлсіз ақпараттандыру, инновациялық құралдарды пайдаланудың  қарқынсыз көрсеткіштері және т.б. сияқты жалпыға мәлім кедергілер болып табылады.

«Кедергілердің» өзге бөлігі белгілі бір мемлекетке, оның саяси және әкімшілік-аумақтық басқару құрылымына, мемлекеттік басқарудағы тиісті деңгейде технологияны енгізу өзектілігін түсіну, бизнес-құрылым өкілдері, кәсіби ұлттық қауымдастықтар мен түрлі үкіметтік емес бірлестіктер  тарапынан осы мәселеге ықпалдасу әрі белсенді қатысу деңгейін бейнелейтін «ерекшеліктерге» ие.

Аталған мәселелерді шешеудегі негізгі идея ашық халықаралық форматтарды мемлекеттік нормативтік базамен және қалыптасқан тәжірибемен үйлестіру болып табылады. Бұл ретте, ақпараттық модельдеу технологияларын енгізудегі ең негізгі жетістік жеке меншіктегі компаниялардың инновацияға инвестиция салуға және мемлекет ішінде ғана емес, сонымен қатар мемлекет шегінен тысқары өзіндік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға даярлық дейгейіне байланысты екендігі сөзсіз. Мемлекеттік тапсырыс берушінің ақпараттық талаптарына сай ақпараттық модельдеуді қолданушы жеке сектордың ынтымақтастығы ғана құрылыс саласына аталған қажетті технологияны сәтті енгізуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты - «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті жанындағы Қазақстанда ҚОАМТ енгізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы енеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті