Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1109/19
В КДС ЖКХ внедряют реформы для предотвращения коррупционных рисков

Құрылыс жәнеТКШ комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін реформалар енгізіледі

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде ведомстволық және ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының, қызметкерлерінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға қатысушылар Комитеттің мемлекеттік қызметтер бойынша қабылдаған реформаларын талқылады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті үш түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады - бұл компанияларға техникалық қадағалау және техникалық тексеру бойынша аккредиттеу туралы куәлік беру, мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу және жобаларды сараптауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу.

Анықтама. Техникалық қадағалау қызметі құрылыстың, материалдардың сапасын, сметаның, жұмыстың мерзімі мен көлемінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Техникалық тексеру - құрылысқа күрделі жөндеу қажет немесе қажет еместігін анықтау үшін ғимараттардың техникалық жай-күйін тексеру.

Мемлекеттік емес аттестаттау орталықтары жобалау мен құрылысқа қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігін растайды.

Жобаларды сараптау - жобалардың сапасын, олардың ҚР заңнамасына сәйкес бастапқы құжаттарға сәйкестігін талдау және бағалау, сондай-ақ қала құрылысы және техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін тексеру.

Техникалық қадағалау бойынша аккредиттеуді алу үшін тек үш құжатты тапсыру қажет: өтініш, мәліметтер нысаны және аттестацияланған сарапшылардың штаттық құрамы туралы кадр қызметі куәландырған анықтаманың көшірмесі.

Осы тізбе техникалық тексеру жүргізу үшін қажет. Оған өтініш беруші инженер-геодезист дипломының көшірмесін қоса беруі тиіс.

Өзге құжаттарды талап ету заңсыз.

Анықтама. Өтініш нысанын мына жерден жүктеуге болады. (сайтқа гиперсілтеме). Өтініш қандай да бір құжат болмаған не дұрыс толтырылмаған жағдайда ғана өтініш берушіге оралуы мүмкін. Өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Аккредиттеу туралы куәлік берілген күннен бастап 2 жылда 1 рет расталады.

2019жылдың қараша айынан бастап қызмет электрондық үкімет порталында пайда болады. Осылайша адам факторы алынып тасталады, ал қарау мерзімі мекенжай анықтамасын алуға ұқсас 15 жұмыс күнінен 20-40 минутқа дейін қысқарады.

Сондай-ақ электрондық үкімет порталында мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қызметі пайда болады. Өтінішті қарау мерзімі 15-тен 10 жұмыс күніне дейін қысқарады.

Мемлекеттік емес секторға жобаларды сараптау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қызмет өтеді. Осылайша нарық қандай компаниялардың сараптама жүргізетінін дербес анықтай алады.

Нәтижесінде 2020 жылға қарай Комитет екі рәсімді оңтайландырады және қызметкерлердің қызмет алушылармен байланысын қоспағанда, тағы біреуін өзін-өзі реттейтін ортаға жібереді.

Айта кету керек, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті құрылыс саласындағы 18 қызмет түріне жетекшілік етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында лицензиялау рәсімін оңтайландыруды, ал сарапшыларды аттестаттау рәсімін мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне беруді ұсынады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар кәсіпкерлердің әлсіз құқықтық сауаттылығының салдары болып табылады, ал қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар әлсіз нәтиже береді. Сондықтан Комитет бизнес-қауымдастық өкілдерімен түсіндіру іс-шараларын өткізуге ниетті болып отыр.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті