Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарланды

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы."Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 248

186 551

I. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй,10-кіреберіс, анықтама үшін телефон: (87172) 74-27-10, е-mail: el.rysakova@miid.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасының бас сарапшы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау; бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық ұйымдармен жұмыстарды жүзеге асыру; аттестаттау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін бақылау; мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, соның ішінде транспорттық және гидротехникалық құрылыс саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу бойынша жергілікті атқарушы органдарды бақылау; аттестаттау мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелікті қамтамасыз ету; лицензиялау мен аттестация бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне мониторинг жүргізу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу; мемлекеттік құрылыс инспекторларының тізілімін жүргізу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау тізілімін жүргізу; берілген лицензияларға мониторингілеу мен талдау жүргізу; лицензиаттардың тізілімін жүргізу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшыларына жеке және заңды тұлғалардың атынан түскен арыздарды қарау; Лицензиялау мен аттестаттау бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін тексеруге қатысу; облыстардағы сәулет-құрылыс бақылауы мен лицензиялау заңнамаларын жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу; Комитет басшыларымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі),Өнер (Сәулет). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдарын және«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексін білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

2. Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасының бас сарапшысы уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 04.10.2021 ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Республикалық деңгейде мемлекеттік қала құрылыс қадастрын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; республикалық деңгейде мемлекеттік қала құрылыс қадастрының ақпараттық жүйесінің жүргізілуі мен облыстық және базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылыс қадастры қызметтерінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру; сәулет, қала құрылысы және қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттарды, мемлекеттік қала құрылыс қадастрын, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын және басқа қала құрылыс жобаларын әзірлеуге, келісуге және қолданысқа енгізуге. аумақтар мен елді мекендерді игеру және дамытудың басым бағыттары бойынша бағдарламаларды; республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының, өзге де қала құрылысы құжаттамаларының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумағын қала құрылысы жоспарлаудың кешенді схемаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын өткізу. Сәулет және қала құрылысы қызметімен байланысты жұмыс кешенін қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдарын нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету; сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қала құрылыс қадастры саласында меморгандарға консультативтік көмек ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Ақпараттық жүйелер), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Қаржы), Қызмет көрсету (Кадастр), Құқық (Заңтану), Білім (Информатика). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

3. Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының бас сарапшысы уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 03.08.2022 ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Үкіметтің отырыстарына және кеңестерге материалдар дайындауға қатысу, заңдар, қаулылар, өкімдер және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларын, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы бағдарламалар мен мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу; реттелетін саладағы нормативтік-құқықтық құжаттамаларды әзірлеуге қатысу; Басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктермен коммуналдық қызмет саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау. Нысаналы трансферттер бойынша қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларын келісу. Бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттік инвестицияларды іске асыруға мониторинг жүргізу мен бағалауды ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын және даму жоспарларын келісуді ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларына, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына талдау және олардың одан әрі іске асырылуына, сондай-ақ, сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілер мен су бұру құрылғыларының жай-күйі бөлігінде коммуналдық қызметті дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Сумен жабдықтау және су бұру бөлігінде коммуналдық қызмет саласында салааралық үйлестіру, реттелетін салада жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бөлігінде жобалық топтарға (офистер) қатысу. Жетекшілік ететін саланы әдістемелік қамтамасыз етуге қатысу. Басшылық жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар және технологиялар (Құрылыс, Құрылыс, материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы), Өнер (Сәулет), Ауылшаруашылық ғылымдары (Су ресурстары және суды пайдалану), Табиғи ғылымдар (Экология), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Қаржы, Менеджмент, Есеп және аудит), Құқық (Заңтану, Халықаралық құқық). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдарын, Су кодексін білуі. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті