Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

«Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы»

 
«Баға белгілеу және сметалар
бойынша мемлекеттік
нормативтерді бекіту туралы»
 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінің 12-тармағы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив бекітілсін.

2. «Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 5 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11905 болып тіркелген, 2015 жылы 19 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрықтың күші жойылды деп танылсын:

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Қазақстан Республикасы
       Ұлттық экономика министрлігі
           Құрылыс және тұрғын үй-
           комуналдық шаруашылық
          істері комитетінің төрағасы                                                                             М. Жайымбетов

 

 

Жарияланған: 07.09.2017
Жаңартылған: 07.09.2017
© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті