Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138 248

186 551

I. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй,10-кіреберіс, анықтама үшін телефон: ((87172) 74-27-10, е-mail: El.Rysakova@miid.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас сарапшы-мемлекеттік құрылыс инспекторы, C-4 санаты (2 бірлік).

Функционалды міндеттері: Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен лицензиялау саласында заңнамалық актілерді жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру нәтижелерін қорытындылау мен талдау, сондай-ақ бюджеттік қаражат есебінен теміржол және автомобиль жолдарының құрылысы, көпірлер мен басқа да көлік және гидротехникалық инфрақұрылымдардың жобаларын іске асыру бойынша. Азаматтармен (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау, орын алған шағымдар мен өтініштер бойынша бару арқылы қарау) жұмыс жасау. Басшылықтың тапсырмалары бойынша құжаттарды уақытылы дайындауды қамтамасыз ету. Депутаттық сауалдарға, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің тапсырмаларына, мемлекеттік органдардың хаттарына және заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Қала құрылысы тәртібінің, регламенттерінің, бас жоспарлары мен жобаның егжей-тегжейлі жоспарлануының сақталуы бойынша сәулет, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының қызметін, республика өңірлерінде құрылыс және құрылыс объектілерін пайдалануға беруді қабылдау рәсімдерін жүзеге асыру барысына заңнамалық талаптарды бақылау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулер заңнамалық нормалардан бұзушылықтар мен ауытқулар болған жағдайда бұзушыларға белгіленген заңнамалық тиісті шаралар қолдану туралы шешімдерді қабылдау; Құрылыс салуды жүзеге асыруға ниетті заңды және жеке тұлғалар рұқсат беру рәсімдерінен өту кезінде артық талаптардың талап етуін болдырмауды бақылау. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау мәселелері бойынша облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерімен тұрақты өзара іс-қимыл жасау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет).

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

2. Жобалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен әзірлеу мен келісу; экономиканың әр түрлі саласындағы үлгі жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру, үлгі жобаларын әзірлеуде салалық министрліктер мен ведомстволардан өтінімдер жинау, жоспарлау кезеңіне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, конкурстық құжаттамаларды дайындау және техникалық тапсырыстарды әзірлеу; конкурстар өткізу мен келісім-шарттар жасасу. Экономиканың әр түрлі саласындағы үлгі жобаларын тарату. Үлгі жобаларын қолдануда және үлгі жобаларын тексеру мен қайта қолдану үшін тізімге қосу мәселелері бойынша жұмыс топтары шегінде жобаларды қайта қолдануда, бұрын әзірленген жеке жобалардың қайта қолдануына қатысты сауалдарды қарау бойынша жобалау ұйымдарымен жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Министрлік пен Комитеттің тапсырмалары мен актілерін уақытылы орындауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ақпараттық, талдамалық, анықтамалық материалдар мен есептерді, жетекшілік ететін бағыттағы жұмыстар бойынша жұмыс жоспарларын дайындау.

Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілерінің, соның ішінде транспорттық және гидротехникалық құрылыс, жобаларына техникалық сараптау жүргізуге байланысты кешенді жұмыстарды қамтамасыз ету. Жыл сайынғы бюджеттік жоспарлау бөлігінде құжаттамалар әзірлеу, үлгі жобаларын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын (қызметтерін) ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалардың, бағдарламалық құжаттардың, басқарма жұмысының және т.б. атқарылуы туралы есептер мен ақпараттар дайындау. Үлгі жобаларын әзірлеушілермен тұрақты жұмыс жасау. Құрылыс объектілеріне, соның ішінде транспорттық және гидротехникалық құрылыс, үлгі жобаларын және жобаларды әзірлеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Жобалау ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізуді, тізілімдер жүргізуді, ТЭН және ЖСҚ жобаларының мемлекеттік сараптамадан өтуін және бекітілуін, жобалау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет және Министрлік басшылықтарының қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдарын, Салық кодексін, Бюджет кодексін білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Құрылыста баға белгілеу және сметалық нормалауды жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру бойынша ұсыныстар дайындауға, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу мен келісуге, Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын техникалық-экономикалық негіздемелері және құрылыс объектілері мен кешендері жобаларының баға көрсеткішін қарауға қатысу;құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;бюджеттік бағдарламаларды орындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша, басқарма жұмысы туралы есептер мен ақпараттар дайындау; материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға, ағымдағы бағасына әдістемелік мониторинг жүргізу әдістемесіне, сметалық нормативтер мен құжаттамалардың ағымдағы деңгейдегі бағаларына мониторинг жүргізу рәсімдерін автоматтандыру үшін бағдарламалық бағдарламалық жасақтама әзірлеуге қатысу, құрылыс өндірісінің қазіргі заманғы үдемелі, ресурс үнемдейтін технологияларын, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп материалдарды жеткізудің көліктік схемасын, ғылыми-техникалық және ресурс үнемдейтін технологияларды, жаңа материалдарды, бұйымдар мен құрастырмаларды енгізуді ескере отырып, технологиялық картаны, баға жасаудың элементтік жүйесінен конструктивтік жүйесіне көшу бойынша нормативтік құжаттарды пайдалануда сметалық құн мен бағалар әзірлеу және қолданудың тәртібін анықтау мен ұйымдастыруға қатысу; құрылыс үшін ғылыми-зерттеу, зерттеу, жобалау және сараптау жұмыстарының, сондай-ақ еліміздің жекелеген өңірлерінде экономиканың барлық салалары бойынша салынатын құрылыс объектілерінің құнын анықтау мәселелері бойынша, сметалық нормалар мәселелері бойынша әдіснамалық көмек, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру, құрылыстағы баға белгілеуді жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

4. Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Республикалық деңгейде мемлекеттік қала құрылыс қадастрын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; республикалық деңгейде мемлекеттік қала құрылыс қадастрының ақпараттық жүйесінің жүргізілуі мен облыстық және базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылыс қадастры қызметтерінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру; сәулет, қала құрылысы және қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттарды, мемлекеттік қала құрылыс қадастрын, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын және басқа қала құрылыс жобаларын әзірлеуге, келісуге және қолданысқа енгізуге. аумақтар мен елді мекендерді игеру және дамытудың басым бағыттары бойынша бағдарламаларды; республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының, өзге де қала құрылысы құжаттамаларының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумағын қала құрылысы жоспарлаудың кешенді схемаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын өткізу. Сәулет және қала құрылысы қызметімен байланысты жұмыс кешенін қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдарын нормативтік-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету; сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қала құрылыс қадастры саласында меморгандарға консультативтік көмек ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Ақпараттық жүйелер), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Қаржы), Қызмет көрсету (Кадастр), Құқық (Заңтану), Білім (Информатика). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

5. Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді тіркеу мен беру бойынша, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Тұрғын үй инспекцияларының, кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне, тұрғын үй қорының жай-күйіне, Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуына мониторинг жүргізу. Тұрғын үй секторында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруда мониторинг жүргізу. Кондоминиум объектісін басқару органы мен кондоминиум объектісін күтіп-ұстау сервистік қызмет субъектісі арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын жасауда, кондоминиум объектілерін басқару органдары мен ағымдағы және жинақ шоттарынан ашылған пәтер меншік иелері арасында ынтымақтастық шарттар жасауда мониторинг жүргізу. Тұрғын үй қатынастары саласында бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспардың тиісті бөлігін, жергілікті атқарушы органдармен салалық келісімдер әзірлеу, жасау және оның орындалуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың, Парламент депутаттарының сауалдарын, Президент Әкімшілігінің, Үкіметінің тапсырмаларын қарау бойынша жұмыстар ұйымдастыру; Үкімет отырыстары мен кеңестеріне, Министрліктің алқа мәжілісіне материалдар дайындауға қатысу, Комитет басшылығы жүктейтін өзге міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар және технологиялар (Құрылыс, Құрылыс, материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Есеп және аудит), Құқық (Заңтану). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті