Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу

Мемлекеттік қызметін атауы:

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу

 

Нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығы «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

- «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 121 бұйрығы

- Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығы

 

Көрсету мерзімі:

құжаттар топтамасын тапсырылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

 

Қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың тізімі:

а) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

3) кадр қызметінің аттестатталған сарапшылардың штат құрамы туралы анықтаманың көшірмесі;

б) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

3) кадр қызметінің аттестатталған сарапшылардың және басқа да мамандардың штат құрамы туралы анықтаманың көшірмесі;

4) инженер-геодезист дипломының көшірмесі.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті