Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамына жүргізілген тексеру нәтижесі туралы АНЫҚТАМА

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 5 тармағы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы  3 тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығы, және де «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2016 жылдың

16 қарашасындағы №215-НҚ бұйрығына сәйкес «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «ҚазҚСҒЗИ» АҚ) тексеру жүргізілді.

Тексеру жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 8, 9, 10 тармақтарына сәйкес жүргізілді.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі 2017 жылдың ақпаны.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ келесі ұсыныстар шығарылды:

  1. даму жоспарын әзірлеу кезінде Қоғамының қызмет істеуінің және ұстаудың нақты қажеттілігін ескере отырып сома салу;
  2. шығынды филиалдармен оларды сауықтандыру бойынша жұмыс жүргізу, оларды ұстау бойынша шығындарды оңтайландыру шараларын қабылдау;
  3. мысалмен 2015 жылы таза табыстың төмендеуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;  
  4. мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету;
  5. 2017 жылға арналған қызметшілерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жоспар Қоғамның барлық орталығы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілерін қосып бекітілсін және барлық дәлелдейтін құжаттар (қызметтік жазбаларды) сәйкестендіру;
  6. Біліктілігін арттыру орталығының жұмысын және өткізілетін тематикалық курстардың өзектілігін талдауды жүргізу;
  7. 2017 жылғы 1 маусымға дейін АҚ корпоративтік басқармасының жаңа кодексін қабылдауға байланысты ішкі құжаттарды қайта қарау.

Тексеру нәтижесімен аналитикалық анықтамада көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы деректерге қатысты шара қолдану үшін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ жолданды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы деректерге қатысты қолданынған шара туралы  2017 жылдың 12 сәуірге дейін ақпаратты Комитетке ұсыну.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті