Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 23 қаулысы

"Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2017 – 2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (IІІ кезең) (бұдан әрi – Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.

2. Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2017 – 2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Жауапты мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар (келiсiм бойынша):

1) Iс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген мерзімде және тәртіппен Iс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiне жүктелсiн.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi                             Б. Сағынтаев

Жарияланған: 18.03.2017
Жаңартылған: 18.03.2017
© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті