Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының ведомстволар функцияларының 489) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мынадай Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Су басқан және судың деңгейі көтерілген аймақтардағы инженерлік қорғау» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 2.03-02-2019 бекітілсін;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Азаматтық қорғаныстың қорғаныс имараттары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 2.03-03-2019 бекітілсін;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жер асты тау-кен қазбаларындағы азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 2.03-06-2019 бекітілсін;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бетон және темірбетон бөгеттер» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы  3.04-04-2019 бекітілсін;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Гидротехникалық тоннельдер» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы  3.04-06-2019 бекітілсін;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тау жұмыстарының өңделетін аумақтарында гидротехникалық имараттарды жобалау,құрылысын салу және пайдалануға беру» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы  3.04-08-2019 бекітілсін;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Ғимараттардың жылу қорғанысы» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы  2.04-03-2019 бекітілсін;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Құрылыстық жылу техникасы» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы  2.04-04-2019 бекітілсін;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Энергия үнемдейтін ғимараттар» Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы  3.02-38-2019 бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Техникалық реттеу және нормалау басқармасы: заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы

 

          М. Жайымбетов

 

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті