Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

«Мемсараптама» РМК жүргізілген тексеру нәтижесі туралы АНЫҚТАМА

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабы 5 тармағы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы  3 тармағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығы, және де «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2016 жылдың 16 қарашасындағы №215-НҚ бұйрығына сәйкес «Мемсараптама» РМК тексеру жүргізілді.

Тексеру жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 8, 9, 10 тармақтарына сәйкес жүргізілді.

«Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі 2016 жылдың желтоқсаны.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижесі бойынша «Мемсараптама» РМК құқық бұзушылықтар анықталды:

- жобаларды кешенді сараптамадан өткізу барысында техникалық қиын емес жобаларға сараптама жүргізу;

- жобаларды  «Мемсараптама» РМК филиалдарына бөлу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бой беру;

- «Мемекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзып, конкурстық құжаттарға қосымша біліктілік талаптар  енгізу;

- жобалық-сметалық құжаттарды электронды қабылдау және  мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау туралы біріңғай ақпараттық жүйенің функционалдық қызметін кеңейту қызметін, мемлекеттік сатып алу барысында  «Мемекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзу.

Тексеру нәтижесімен аналитикалық анықтамада көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы деректерге қатысты шара қолдану үшін «Мемсараптама» РМК жолданды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы деректерге қатысты қолданынған шара туралы  2017 жылдың 10 ақпанына дейін ақпаратты Комитетке ұсыну.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті