Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасының іске асыру барысы туралы ақпарат (2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша)

Статистика комитетінің ақпараты бойынша  2018 жылғы қаңтар-қазан айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 913,2  млрд. теңге инвестиция жұмсалды немесе 2017 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 116,4% құрайды. 

Жалпы алаңы 9,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 111,6% құрайды. Меншіктің жеке нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар есепті кезең ішінде жалпы алаңы 8,6  млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосты.

Республика бойынша 85 990 бірлік тұрғын үй, оның ішінде 33 704 жеке тұрғын үй  пайдалануға берілді.

 

Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу

2018 жылы сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 26,9 млрд. теңге сомасына қаражат бөлінген.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес осы есеп кезенінде әкімдіктерге 24,1 млрд.теңге аударылды, ЖАО алдын ала ақпараты бойынша 22,8 млрд.теңге игерілді немесе 94,7%.

Жылдың жоспары 184,5 мың ш.м., (3 470 пәтер). 2018 жылғы қаңтар-қазан айында жалпы алаңы 75,6 мың шаршы метр  тұрғын үй (1 438 пәтер) пайдалануға берілді немесе жылдық жоспардың 42%-ды құрайды.

 

ЖАО облигация шығару арқылы кредиттік тұрғын үй салу

Кредиттік тұрғын үй құрылысына  қаржыландыру механизм арқылы қаржы  операторы «Байтерек девелопмент» АҚ болып табылады.

2018 жылы жалпы алаңы 560,8 мың ш.м. немесе 9 793 пәтерлі 141 кредиттік тұрғын үй салу жобасын іске асыру көзделіп отыр.

 Ағымдағы жылдың 1 қарашасында жалпы алаңы 269,2 мың шаршы метр 4 827 пәтер салынды.

 

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 2018 жылы республикалық бюджеттен 49,0 млрд. теңге бөлінді.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдайына ЖАО-ға 37,9 млрд. теңге аударылды, оның 33,4 млрд.теңге немесе 88% игерілді.

 

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті