Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды жүзеге асыру

49-қадам. Кеңестік кезеңнен қолданылатын ескірген құрылыс нормалары және ережелерінің (ҚНжЕ) орнына Еурокод жүйелерін енгізу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысымен бекітілген құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау бойынша қабылданған тұжырымдамаға және «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 қадам» ұлт жоспарына сәйкес, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Еурокодтар енгізілді.

Еурокодтар – табиғи-климаттық, инженерлік-геологиялық, қолданатын елдердің сейсмологиялық жағдайлары есепке алынған Ұлттық қосымшаларымен бірге 58 бөлімнен тұратын құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың 10 жинағын қосатын көптеген дамыған елдерде (шамамен 45 ел) қолданылатын ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын есептеу және жобалау бойынша еуропалық құрылыс нормалары (стандарттар).

Олар конструкцияларды, сондай-ақ жеке конструктивтік элементтерді жобалаудың және есептеудің жалпы қағидаларын белгілейді және ғимараттар мен құрылыстардың барлық типтерінің тіреу конструкцияларын, жүктемелер мен іс-қимылдың барлық түрлерінің әсерлерін есептеу үшін қолданылады, барлық негізгі құрылыс материалдарын (бетон, болат, ағаш, тас/кірпіш, алюминий) қамтиды.

Қазақстан Республикасында Еурокодтар Ұлттық қосымшалар мен Нормативтік-техникалық құралдарды әзірлей отырып Еурокодтарға сәйкестендіріліген ҚР ҚЖ EN қағидалар жинағына үйлестірілді.

Еурокодтарға өту ең алдымен шетелдік инвесторлар үшін кедергілерді жояды және ғимараттардың барынша жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, бұл инновациялық технологиялар мен материалдарды енгізу (қолдану)  үшін қажет.

Еурокодтарға толықтай өту 2020 жылға көзделген.

Бүгінгі күні мына жұмыстар жүргізілді:

Бірінші кезеңде (2010-2014 жылдары дайындық кезеңі):

- 2019 жылға дейін қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттармен қатар қолданылатын жаңа нормативтік базаның 453 нормативтік-техникалық құжаттары бекітілді, оның ішінде Еурокодтарға сәйкестендірілген 58 бөлімнен және 57 ұлттық қосымшалардан тұратын 10 ҚР ҚЖ EN.

Екінші кезеңде (2015-2019 жылдары апробация кезеңі):

 - «Қолданыстағы және жаңа нормативтік-техникалық базаны 2015-2020 жылдары қатар қолдану нұсқаулығы» бекітілді;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Еурокодтардың (ҚР ҚЖ EN) ережелерін есепке ала отырып «Құрылыс», «Өндіріс», «Құрылыс материалдарын, өнімдерін және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін үлгілік оқу бағдарламаларын бекітті;

- «Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» АҚ базасында 850 адам және 400 ұйым оқудан өтті (құрылыс саласындағы мамандар мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін Еурокодтарды қолданатын қайта әзірлеу курстары және біліктілікті арттыру курстары);

- ИСО и EN стандарттарына үйлестірілген 855 стандарт бекітілді;

- Еурокодтарды қолдана отырып бес климаттық аудан бойынша 13 жоба және 9 қабатты көп пәтерлі үйдің үлгілік жобасы әзірленді.

Еурокодтарға толық өту жұмыстарын жеделдету мақсатында өткен жылы жалпықұрылыс мәселелері бойынша 1992 жылға дейін әзірленген ҚНжЕ (186 бірлік) күшін жойды.

Еурокодтарға толық өту бойынша қажетті іс-шараларды іс-шаралар іске асырылғаннан кейін  ҚНжЕ-нің (1992-2010 жылдар аралығында әзірленген) (70 бірлік) 2019 жылдың соңына дейін күшін жою жоспарланған.

Сонымен қатар, Еурокодтарға өту үшін 2020 жылға дейін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:

- Еурокодтар және ISO және EN әдісі бойынша сынақ жүргізу үшін «Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» АҚ зертханасын жаңғырту;

- ауытқушылықты жою мақсатында құрылыс саласының нормативтік базасына талдау жүргізу және жүйеге келтіру;

- Еурокодтарды қолдана отырып әзірленген 9 қабатты көп пәтерлі үйдің үлгілік жобасы бойынша әзірленген заттай фрагменттер, тораптар және конструкцияларды экспериментальдық сынақтан өткізу.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті