Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-5

104 102

140 746

I. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй,10-кіреберіс, анықтама үшін телефон: ((87172) 74-27-10, е-mail: El.Rysakova@miid.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасының сарапшысы--мемлекеттік құрылыс инспекторы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басшылықтың тапсырмасы бойынша құжаттарды уақытылы дайындауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының хаттарына, Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің тапсырмаларына, депутаттық сұрауға жауаптар дайындау. Жеке және заңды тұлағалардың өтініштерін қарау. Лицензиялау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін тексеруге қатысу. Облыстардағы сәулет-құрылыс бақылауы мен лицензиялау, соның ішінде транспорттық және гидротехникалық құрылыс заңнамаларын жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу; Лицензия тізілімін жүргізу. Мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, оның ішінде мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау. Комитет басшыларымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдарын және«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексін білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

2. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Жыл сайынғы бюджеттік жоспарлау бөлігінде құжаттар дайындау. Аумақтар бойынша ақпараттар жинақтау және баға құраушы факторлар мәселесі бойынша аумақтармен өзара іс-қимыл жасау, материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға, өндірістік ресурстардың ағымдағы бағасына көліктік сызбаны жеткізуді ескере отырып, осы зауыттар мен кәсіпорындар-жасаушылар, құрылыс бұйымдарын жеткізушілермен және өзге де ресурстар деректері негізінде мониторинг жүргізу, сметалық нормативтер мен құжаттарды әзірлеу мен мониторинг жүргізуде автоматтандыру процессі мәселесіне қатысу. Құрылыстағы баға белгілеу саласында нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар әзірлеуге қатысу, нормалардың келісуден өтуін және салалық нормативтермен өзара байланысуын талап ететін мәселелер бойынша аралас салаларда заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу. Комитеттің Ғылыми –техникалық кеңес отырыстарын ұйымдастыру, Комитет басшыларының тапсырмаларын уақытылы орындау, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша түсіндірме жұмыс жүргізу. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Министрлік, Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

3. Техникалық реттеу және нормалау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын қарау; Көліктік құрылыс, гидротехникалық құрылысын салу және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын қарау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңесі отырыстарына материалдар, сондай-ақ хаттамалық шешімдерді орындау бойынша есепті дайындау; Басқарманың іс қағаздарын ұйымдастыру және хаттар мен өтініштердің уақытылы қаралуын бақылауды жүзеге асыру; нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарымен байланысты сұрақтарды қарау;мемлекеттік органдардың хаттарына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша техникалық кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Министрлік, Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), Стандарттау, сертификаттау және метрология, Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы, Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (Экономика), Құқық (Заңтану). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

4. Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді тіркеу мен беру бойынша, жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерден ақпарат жинақтауды жүзеге асыру; Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтардың кезегін енгізуге, Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуына мониторинг жүргізу; тұрғын үй көмегін көрсету; тұрғын үй қатынастары саласында бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру бөлігінде құжаттарды қабылдау, жетекшілік ететін салада мемлекеттік сатып алу жұмыстарын (қызметі) жүзеге асыру бойынша материалдар дайындау, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы, басқарма жұмысы және т.б. туралы есептер мен ақпараттар дайындау; тұрғын үй қорын дамыту саласында ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуді жүзеге асыру; коммуналдық қызметтер үшін пәтер меншік иелерінің берешектер серпіні бойынша ақпарат жинау және талдау. Белгіленген мерзімде Басқарма, Комитет және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша құжаттарды уақытылы дайындауды орындау мен қамтамасыз ету. Басқарма, Комитет басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Техникалық ғылымдар және технологиялар (Құрылыс, Құрылыс, материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Құқық (Заңтану). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

5. Кадр және әкімшілік жұмыс басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізуді қамтамасыз ету; бағалау, аттестаттау және оқу нәтижелері туралы мәліметтерді, Комитет қызметкерлерінің және ұйым басшыларының жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу мен сақтау; жеке құрам бойынша, іссапарлар мен еңбек демалыстары бойынша бұйрықтар дайындау және оларды тіркеу; орындалу барысындағы құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарау; жыл сайынғы еңбек демалысының кестесін әзірлеу мен оны Комитет қызметкерлерінің еңбек демалысын пайдалануына сәйкес қалыптастыру және еңбек демалысынан уақытында шығуын бақылау; декларация тапсыру туралы, кіріс туралы анықтамаларды мемлекеттік қызметшілерге уақытында беруді қамтамасыз ету. Комитет басшылығының тапсырмалары бойынша ішкі бақылау міндеттерін жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару), Білім (Қазақ тілі және әдебиеті), Құқық (Заңтану). Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімі болуы. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттар, жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 ЖҰМЫС КҮНІ ішінде тапсырылуы тиіс.

© 2020

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті